Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Документ 1

II. Негізгі бөлім
 


1.MS Access деректер базасы. 
1.1. Деректер базасының құрылымы 
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау 
қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет
деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға 
арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды 
қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын 
басқару жүйесі болып табылады. 
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын 
файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат 
деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат 
ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы 
бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің 
сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен 
олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы 
жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы 
бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. 
Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының 
объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады. 
1.2. МБ-ын жобалау кезеңдері 
Алдына қойылған мәселені шешу мақсатында қолданғанда қандай да бір МБ-ны 
жасау қажет болса, ол өзінің жұмысын төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастыра білуі
керек. 
1. МБ-ын құрудың негізін анықтау. Бұл кезеңде мәліметтер базасын құру маңызы, 
оның негізгі функциялары және онда сақталатын информация анықталуы керек. 
2. МБ құрамында болатын кестелерді анықтау. Кестелерді жобалау кезінде 
олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Сондай-ақ оларды 
жобалау кезінде мынадай принциптерге сүйену қажет: информация кестеде және 
кестелер арасында да қайталанбауы керек: әрбір кестеде тек бір ғана тақырыпқа 
сай информация болуы керек; 
3. Кестелердегі қажетті өрістерді анықтау.Кестедегі әрбір өріс оның 
тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Оларды жобалау кезінде 
ескеретін шарттар: әрбір өріс кестенің тақырыбымен байланысты болуы керек; 
кестеге өрнектің нәтижесі болатын берілгендерде енгізудің қажеті жоқ; кестеде 
барлық қажетті информация қамтылуы тиіс; информация ең кіші логикалық 
бірліктерге жіктелінуі қажет мысалы, адамдардың аты-жөнін “Аты” және 
“Фамилиясы” деп екі өріске бөліп жазу. 
4. Әрбір өріске өзіндік жеке мән беру. Әр түрлі кестедегі мәліметтерді 
байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере 
алатын өріс немесе өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс немесе өрістер 
жиынтығын кілт деп атайды. (2.1-тақырыпты қараңыз). 
5. Кестелер арасындағы байланысты анықтау. Мәліметтерді кестелерге жіктеп, 
олардың кілтік өрістері анықталған соң әр түрлі кестелердегі мәліметтерді 


байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер арасындағы 
байланыстарды анықтау керек (2.7-тақырыпты қараңыз). 
6. МБ құрылымын жаңарту.Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып 
болған соң, МБ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын 
анықтау керек. Мұны кестелерді мәліметтермен толтырмай тұрып орындаған 
жөн. МБ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың 
арасындағы байланыстарды бақылап, МБ құрылымының қойылған талапқа сай 
кеңіне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура келеді. 
7. Мәліметтерді толықтыру және МБ-ның басқа объектілерін құру. Егер 
кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық 
мәліметтерді енгізуге және де кез-келген сұраныстар, формалар, есептер және 
макростар мен модульдер құруға болады. 
Access – тің талдау құралдарын пайдалану. Access программасында екі талдау
құралы бар: кестелерде талдау шебері; әрекет тездігін талдаушы. Оларды Access-те 
жұмыс істеуді меңгергеннен кейін программа анықтамасымен таныса отырып, 
қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет