Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Документ 1

3. Басқару элементтері 
Басқару элементтерінің басқа элементтерден айырмашылығы оларды міндетті түрде 
программалау керек. Әйтпесе оларды ешқандай пайдасы жоқ. Басқару элементтерін 
құрудың әр түрі жағдайлары осы тақырыпта және есеп объектілерінің Конструктор
режимінде 
қарастырылады. 
4. Есептер шебері 
Есеп шебері – есеп құру тәсілдерінің бірі. Оны іске қосар алдында есеп мәліметтері 
алынатын кесте не сұраныс таңдалуы қажет. Шебердің 6 қадамдық терезесі бар, оларда 
орындалатын әрекетте: 
1. Кестенің Есепте көрсетілген өрістерін таңдап, оларды 
таңдалған өрістер блогына көшіру. 
2. Топтастыру параметрлерін анықтау. 
3. Қажет болса, мәліметтердің сортталатын өрістерін таңдау.Осы қадамда 
сандық өрістердің қорытынды мәндерін есептеуді анықтауға да болады. 
4. Топтастыру операциясы анықталуына байланысты есептің жалпы түрін 
таңдау. 
5. Есеп атауын беру. 
Осы әрекеттерді алдыңғы тақырыпта қарастырылған Кесте 8 үшін нақтылап 
көрсетелік. Есеп жапсырмасында Құру түймесін басқанда ашылатын Жаңа есеп 
терезесінде Есеп шеберін және Кесте 8 объектісін таңдап, ОК түймесі шертілсін. 
Шебердің қадамдарына сәйкес терезелерде төмендегідей әрекеттер орындалсын: 
• есепте көрінетін фамилия, мамандық және тобы 
өрістерін таңдау; 
• берілгендерді топтастыру үшін бірінші деңгейгі 
факультет және екінші деңгейге мамандық өрістерін таңдау; 
• фамилия өрісін кему ретімен сорттауды анықтау; 
• баспалдақты макетін таңдау; 
• қара-ақ стилін көрсету; 
• студенттер тізімі атауын беру және Дайын түймесін шерту. 


Осы әрекеттерден кейін Шебер көрсетілген параметрлерге сәйкес есеп құрастырады.
5.Макростар және модульдер 
Макростар – макрокомандалар жиынтығы. МБ-мен жұмыс істеу барысында 
макросты қолданған өте ыңғайлы және ол қажетті нәтижені тез алуға мүмкіндік береді. 
Макростар Microsoft Office-тің құрамындағы барлық программаларда пайдаланылады, 
бірақ оларды қолдану тәсілдері әр түрлі. Access – те макрокомандалар параметрлері 
сұхбат 
режимінде 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет