Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Документ 1

2.3. Орналастыру шебері 
Орналастыру шебері бірінші кестенің өрісін екінші бір кестедегі басқа өріспен 
алмастырады. Шебер жұмысының әрбір қадамына сәйкес терезелер ашылады. Осы 
терезелерде орындалатын әрекеттер алгоритмі төмендегідей (ол 2.6-суреттегі кестелер 
үшін нақтыланған). 
1. 2-кестеде Конструкторды пайдаланып Орналастыру өрісі анықталады да, оған 
сәйкес типтер тізімінде Орналастыру шебері таңдалады. Сонда шебердің бірінші 
терезесі ашылады. Мұнда Орналастыру үшін басқа кесте мәліметтері алынады деген 
әдісті көрсетіп, Әрі қарай түймесін шерту қажет. 
2. Мәліметтер алынатын 1-кестені таңдап, Әрі қарай түймесін шерту. 
3.Қолжетерлік өрістер тізіміндегі 1-кестенің қажетті өрістерін таңдалған өрістер 
тізіміне көшіру. Бұл терезеде таңдалған өрісті көшіруге арналған мынадай түймелер 
бар: 


- таңдалған өрісті оң жаққа көшіреді. 
- тізімдегі барлық өрісті оң жаққа көшіреді. 
- таңдалған өрісті сол жаққа қайтару. 
- барлық өрісті сол жаққа қайтару. 
Бұл түймелер көптеген шебер терезелер қолданылады.Таңдалған тізімдегі бірінші өріс 
орналастыру операциясындағы мәліметтерді алатын өріс болып табылады. Қажетті 
өрістер таңдалып болған соң, Әрі қарай түймесін басу керек. 
4.Таңдалған өріс бағандарының шекараларын қалыпқа келтіріп, Әрі қарай түймесін басу 
керек. 
5.Орналастыру өрісіне қолтаңба беріледі. Қолтаңбаны программа өріс атауындай етіп 
анықтайды, ал қолданушы оны өз қалауынша өзгертуіне болады. Сонан соң Дайын 
түймесін басу керек. 
Шебер жұмысы аяқталған соң, оның жұмысын кесте құрастырушы терезесінде талдауға 
және 2-кестені ашып көрсетуге болады. Сонда 2-кестеде 1-кестедегі өріс 
мәліметтерімен толтыруға мүмкіндік жасалған жаңа өріс пайда болады. Яғни, 2-
кестедегі Орналастыру өрісіндегі әрбір ұяшықты толтыру үшін сол ұяшықтағы тышқан 
курсорын бір шерту арқылы 1-кестеден алынған мәліметтер тізімін шығарған соң
қажетті 
мәліметті 
таңдап, 
курсормен 
бір 
шерту 
керек. 
2.6-сурет.Бастапқы кесте мен алмастыру шебері жұмысының нәтижесінде алынған
кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет