байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер арасындағы
байланыстарды анықтау керек (2.7-тақырыпты қараңыз).
6.
МБ құрылымын жаңарту.Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып
болған соң, МБ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын
анықтау керек. Мұны кестелерді мәліметтермен толтырмай тұрып орындаған
жөн. МБ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың
арасындағы байланыстарды бақылап, МБ құрылымының қойылған талапқа сай
кеңіне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура келеді.
7.
Мәліметтерді толықтыру және МБ-ның басқа объектілерін құру. Егер
кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық
мәліметтерді енгізуге және де кез-келген сұраныстар, формалар, есептер және
макростар мен модульдер құруға болады.
Access – тің талдау құралдарын пайдалану. Access программасында екі талдау
құралы бар: кестелерде талдау шебері; әрекет тездігін талдаушы. Оларды Access-те
жұмыс істеуді меңгергеннен кейін программа анықтамасымен таныса отырып,
қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: