Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Документ 1

2.4. Кестелер шебері 
Кесте құрудың жоғарыда айтылған екі режимін басқа Кестелер шебері деп аталатын, 
үшінші режимін қарастырайық. Бұл режимде программа өзіндегі арнайы дайын тұрған 
кестелерді пайдаланады. 
Кесте шебері 4 қадамнан тұрады, оның әр қадамына сәйкес терезелер ашылып, 
онда тиісті жұмыстар атқарылады. 
1 – қадам. Ашылған терезеде кестелер үлгісін тізімінен таңдалған кестенің өрістер 
үлгісіндегі тізімнен жаңа кестеге қажетті өріс таңдап, Әрі қарай түймесін шертукерек 
(бұл 
қадам 
2.7-суретте 
көрсетілген). 
2.7-сурет.Кесте шеберінің бірінші қадамы. 
2-қадам. Ашылған терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін анықтау 
режимдерінің бірін таңдап, Әрі қарай түймесін шерту керек. Кілттік өрісті анықтау 
режимінің екі жағдайы бар. Автоматты түрде анықталатын, құрастырушының өзі 
анықтайтын. Яғни оның біріншісінде программаның өзі, ал екіншісінде 
құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрағына жауап бере отырып, кілттік өрісті 
анықтайды. 


3-қадам. Кестені барлық кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін терезе 
ашылады. Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау жасайды. Егер 
олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас өрістері бар кестелер 
кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен байланыстырды. Ал, егер ондай кестелер 
табылмаса, онда бұл терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген 
тізім көрінеді. Кестелер арасындағы байланысты құрастырушы өзі анықтауына болады. 
Ол үшін байланыстар түймесін шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң, Әрі қарай 
түймесі басылады. 
4-қадам. Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш режимінің 
бірі таңдалады. Кестелер құрылымые өзгерту, мәліметтерді кестеге тікелей енгізу, 
мәліметтерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге енгізу. Мұндағы бірінші 
жағдайда жаңа кесте үшін құрастырушы режимі ашылады, екінші жағдайда ол кесте 
түрінде ашылады (негізінде, бүл режимде МБ терезесіндегі Ашу түймесі арқылы 
көшеді), ал үшінші жағдайда жаңа кесте үшін шебер қарапайым форма құрастырады 
(қажет болса, оны сақтауға болады). 
Терезеде осы режимдердің қажеттісі таңдалған соң Дайын түймесі басылады. 
Сонымен, Дайын түймесі басылғаннан кейін кесте құрастыру жұмысын толық аяқтап, 4-
қадамда 
таңдалған 
режим 
бірінде 
жаңа 
кестені 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет