Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы


Access-ті пайдалану жолдары



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Документ 1

1.4. Access-ті пайдалану жолдары 
Access–тің кез-келген МБ – мен жұмысты ұйымдастырудың екі режимі бар:
жобалау және қолдпну. МБ- ын құрастырушылардың жаңа объектілер құруға, оның 
құрылымымен өрістерінің қасиеттерін өзгертуге және олардың қажетті байланыстарын 
орнатуға құқы бар. Яғни, олар МБ – ың құрылымын жобалау жұмыстарымен
айналысады. Бір ғана МБ – ның бір, екі немесе бірнеше құрастырушылары болуы 
мүмкін. 
МБ – ын қолданушылар - базаға формалар арқылы информация енгізетін адамдар. 
Олардың сүраныстар арқылы мәліметтерді өңдеп, есептер алуға мүмкіндіктерің бар. Бір 
ғана қордың миллиондаған қолданушылары болуы м.мкін, бірақ олардың МБ 
құрылымыа кіруіне рұқсат жоқ. 
Access – те 6 объектіден басқа үш командалық түйме бар: ашу, конструктор, құру. 
Олардың көмегімен МБ – да жұмыс істеу режимі таңдалады. 
Ашу түймесі – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа 
өзгерістер енгізуге немесе ондағы бар өзгерістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Ал 
егер объект форма болса, онда оның басқару элементтерін құруға немесе оларды 
өзгертуге юолады. Демек, бұл режим МБ – ын құрастырушылар үшін қажет. 
Құру түймесі – жаңа объектілерді құру үшін керек. Бұл да МБ – ын құрастырушыларға 
арналған режим. 
Кестелерді, сұраныстарды, фыормаларды, есептерді автоматты түрде, конструктор 
арқылы және Шебер көмегі тәсілдерімен құруға болады. Оларға Access объектілерін 
қарастырғанда 
тоқталамыз. 
1.5. Access-ті іске қосу және одан шығу 
Access-ті іске қосу командасы: Іске қосу – Программалар – Microsoft Access . 
Access программасы жүктеліп экранда 1.3 – суретте көрсетілген терезе шығады. Бұл 
терезеде Access қолданушыға 3 нұсқаның біңрін таңдауды ұсынады: Жаңа МБ – ын 
құру; 
Шеберді 
іске 
қосу; 
Бұрыннан 
бар 
МБ 
– 
ын 
ашу. 
1.3 – суретте.Программаны жүктеу кезінде 
көрсетілетін терезе. 
Егерде қажетті МБ бұрыннан құрылып қойылған болса, бұрыннан бар МБ- ын ашу 
нұсқасын таңдаңыз. Сонда экранда файлдарды ашу терезесі пайда болады. Ол, файлдар
тізімінен МБ файлын таңдап, оны ашуға мүмкіндік береді. Ал, егер жаңадан құру қажет 
болса, онда 1.3 – суреттегі қалған екі нұсқаның бірі таңдалуы тиіс. 


1.4 – сурет. Жаңа МБ файлы терезесі. 
Біз қосқышты Жаңа МБ – ын құру жағдайына қойып түймесін шертейік. Экранға 1.4 
– суретте көрсетілген Жаңа МБ терезесі ашылады. Ол Microsoft программаларындағы 
файлдар терезесі сияқты. Яғни, бұл терезеде қажетті бума таңдалып, файл көрсетіліп 
және файл атауы енгізілген соң Құру түймесін басу керек. Экранда МБ терезесі көрінеді 
(1.5 - сурет). Терезеде объектінің жұмыстары туралы алда баяндалады. 
МБ – дағы жұмыс аяқталғаннан соң Access –тен шығу қажет. Ол үшін барлық 
ашылған терезелердің жабу түймелерін басу жеткілікті., өйткені Access – тің оларды 
автоматты түрде сақтау мүмкіндігі бар. Яғни, электр тогы сөнген жағдайда да енгізіліп 
жатқан 
информация 
компьютерге 
сақталып 
қалады.
1.5 – сурет. Мәліметтер базасы терезесі. 
Енді 1.3 –суретте көрсетілген терезеде қосқышты Шеберді іске қосу жағдайына 
қойып , ок түймесін басамыз. Сонда Жалпы және Мәліметтер базасы деген жапсырмасы 
бар Құру сұхбат терезесі пайда болады. Оның Мәліметтер базасы жапсырмасында әр 
түрлі 
типтегі 
Мәліметтер 
базасының 
жиыны 
бар. 
1.6 –сурет.Шебер құрамындағы МБ таңдалатын
Құру сұхбат терезесі. 
1.6 – суретте көрсетілген МБ –ның бірін таңдап, шеберді іске қосуға болады. Мысалы, 
Кітапхана МБ - таңдап, ок түймесін шертейік. Экранда жаңа МБ – на атау сұрайтын
сұхбат терезесі пайда болады. Осы терезеде жаңа МБ – на атау беріп, ок түймесін 
шерткеннен кейін Access бірқатар әрекеттерді орындап, экран бетіне шебердің бірінші 
терезесін (1.7 - сурет) шығарады. Шебердің бұл терезесінде МБ– да сақталатын 
информация сипатталған. Оның төменгі жағында Болдырмау, Кері қарай, Әрі қарай, 
Дайын түймелері орналасқан. Олардың атқаратын қызметтері мыадай: Болдырмау 
түймесі – Шебер жұмысын жою; Кері қарай түймесі – алдыңғы терезеге қайту;Әрі 
қарай түймесі – келесі терезеге өту; Дайын түймесі шебердің соңғы терезесінде оның 
жұмысын аяқтау. Access программасындағы басқа да шеберлердің жұмыстарында осы 
түймелердің 
қызметтері 
пайдалынады. 
1.7–сурет.Шебердің МБ-да қандай информация сақталатынын 
хабарлайтын, бірінші терезесі. 
Бұл командалық түймелердің көмегімен шебер терезелеріне көшкен сайын МБ-ң 
қажетті параметрлері анықталады. Соңғы терезедегі Дайын түймесі шертілгеннен кейін 
Access 
МБ 
– 
ын 
құрады. 


1.8–сурет.Шебер жұмысының нәтижесінде алынған 
басты түймелі форма 
Оған компьютердің сипатына қарай бірнеше минут уақыт бөлінеді. Бұл кезде
алдымен бос МБ – ы терезесі көрінеді, сонан соң Access кестелер, формалар және 
есептер сияқты объектілерді құрастыра бастайды. МБ – ын құруды аяқтаған кезде
экранда Басты түймелі форма пайда болады (1.8-сурет). Ол форманың түймелерін 
шерте отырып, соларға тиісті жұмыстарды орындауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет