Бақылау сұрақтары:
Диаграмма деген не?
Диаграмманың қандай түрлері бар?
Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
5. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз. 6. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.
Берілгендерді сорттау
Мысал. Мектепте жұмыс істейтін спорт үйірмелері тізімімен оларға қатысушы оқушылар саны 10.18-суретте көрсетілген. (Мұндағы «Нөмір», «Үйірмелер», «Қатысушылар»-баған атаулары. Берілгендер қоры кестесінде бағанды өріс (поле) деп, бір жолда жазылған жеке обьект жөніндегі берілгендерді жазу (запись) деп атайды (ХІ таруды қараңыз).) Кестені бір баған бойынша сорттау керек.
10.18-сурет. Үйірмелер мен қатысушылар
Баған берілгендерін өспелі не кемімелі түрде реттеп кестені қайта жазып шығу үшін сортталатын бағанның бірінші ұяшығын белгілеп, Берілгендер – Сорттау командасын беру керек. Диапозонды сорттау сұхбаттық терезесі көрінеді (10.19-сурет). Терезеде «Өспелі түрде» ауыстырып қосқышы автоматты түрде белсендіріліп қойылған. Онымен келіскен жағдайда ОК түймесінің шертілуі жеткілікті.(Әйтпесе, «Кемімелі түрде» ауыстырып қосқышын орнату керек).
Осы тәсіл бойынша сорттауды келесі баған бойынша орындауда қиын емес. («..Бойынша сорттау» тізімін ашып, қажетті баған атауын таңдап алса болғаны).
10.19-сурет. Диапозонды сорттау
Достарыңызбен бөлісу: |