8.21. Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу сәтті аяқталғаны жайлы хабарлама
Word бағдарламасының интерфейсі өзгергенін көресіз. Лентада бар болғаны екі қосымша ғана қалады. Блог жарияланымдарын құру кезінде қажет болатын құрал- саймандар осы қосымшаларға орналастырылған (8.22. Сурет). Блог жазбалары қосымшасында хабарламаны жариялауды редактілеуге, пішімдеуге және оларды басқаруға арналған құралдар бар. Ал Кірістіру қосымшасында блогқа қосымша деректерді енгізуге арналған батырмалар бар: диаграммаларды, расторлық кескіндерді және векторлық суреттерді, WordArt объектілерін, гиперсілтемелерді, кестелерді, SmartArt объектілерін. Мәтінді енгізуге арналған терезе көлденен сызықтармен бөлініп тұратын екі аймаққа бөлінген. Сызықтың үстіндегі аймаққа жазбаның атауын енгізу қажет. Ол үшін курсорды жай орнатыңызда мәтінді енгізіңіз. Одан кейін жазбаның өзін құруды бастауға болады (8.23. Сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |