8.17. Сурет. Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу терезесі
Блогтың есепке алу жазбасын құру терезесіндгі тізімнен сіздің блогыңыз орналасқан Сервис блогын таңдаңыз (8.18. Сурет). Егер тізімде сіз қолданатын сервис жоқ болса, онда Басқа нұсқасын таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз;
8.18. Сурет. Блогтар сервисін таңдау
Қолданушының аты мен паролін енгізіңіз (8.19. Сурет). Егер Паролді сақтау жалаушасын орнатсаңыз, онда әр хабарламаны жариялау кезінде жеке мәліметіңіз сұралмайды. Ал егер жалаушаны орнатпасаңыз, онда әр хабарламаны жіберу кезінде мәліметтерді қолымен енгізу қажет болады. Егер сіз ортақ компьютермен жұмыс жасайтын болсаңыз және блогта сіздің атыңыздан хабарлама қалмауы үшін осы функцияны қолданған ыңғайлы;
Достарыңызбен бөлісу: |