Қадірменді жамағат! Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
مَنْ نَفَّسَ عَنْ مُؤْمِنٍ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ الدُّنْيَا، نَفَّسَ اللَّهُ عَنْهُ كُرْبَةً مِنْ كُرَبِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ يَسَّرَ عَلَى مُعْسِرٍ، يَسَّرَ اللَّهُ عَلَيْهِ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَمَنْ سَتَرَ مُسْلِمًا، سَتَرَهُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَاللَّهُ فِي عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِي عَوْنِ أَخِيهِ
«Кімде-кім осы дүниеде мүминнің уайым-қайғыларының бірін сейілтсе, Алла Тағала оның қияметте уайым-қайғыларының бірін сейілтеді. Кімде-кім қиналып жүрген адамның жағдайын жеңілдетсе, Алла Тағала оның осы дүниеде және ақыреттегі қиыншылықтарын жеңілдетеді. Кімді-кім мұсылманның кемшілігін жасырса, Алла Тағала оның дүниеде және ақыретте кемшілігін жасырады. Қандай да бір пенде бауырына жәрдемдескен сайын Алла Тағала ол пендесіне жәрдем етеді», – деген (имам Әбу Дәуіт)
Қазіргі күні бауырлас Түркия елінде болған жер сілкінісінен кейінгі жағдайды баршамыз естіп, біліп отырмыз. Мемлекетіміз тиісті дәрежеде көмек көрсету шараларын жүзеге асырып жатыр. Біз де бауырлас елдегі жағдайға бей-жай қарамай, қолымыздан келгенше жәрдемдесіп, ең болмағанда дұға етіп, жанашырлығымызды танытайық!