Мұсылман – МҰсылманға бауыр



бет2/6
Дата18.10.2023
өлшемі34,63 Kb.
#118131
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.02.2023. Жұма уағызы. Мұсылман-мұсылманға бауыр

Бірінші: Жақсы көру
Адам баласының тура жолда екендігінің бір көрінісі – өзге мұсылмандарға деген жүрегінде сүйіспеншіктің болуы. Осы себепті де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының қарым-қатынасы терең махаббаттың аясында болуына аса мән берген. Хадис шәріпте:
ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلَّهِ وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ
«Үш сипат бойында табылған адам иманның дәмін сезінеді: Алла мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көрген. Бір адамды жақсы көрсе, тек Алла ризалығы үшін жақсы көрген. Отқа қалай түсуді қаламаса, дәл солай күпірлікке оралуды қаламаған адам» – деп айтылған (имам Бұхари).
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі мұсылмандардың арасындағы өзара сүйіспеншіліктің ең көркем үлгісін көрсете білді. Тіпті әрбір сахабасына деген жеке құрмет пен ілтипат танытуынан олардың әрбірі: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мені барлығынан да артық жақсы көретін болар» деп ойлайтын. Кей уақыттарда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына деген сүйіспеншілігін білдіртіп те отыратын. Мысалы, Мұғаз (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның қолынан ұстап:
يَا مُعَاذُ وَاَللَّهِ إِنِّي لَأُحِبُّكَ فَقَالَ أُوصِيكَ يَا مُعَاذُ لَا تَدَعَنَّ فِي دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ تَقُولُ: اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ ، وَشُكْرِكَ ، وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ
«Иә, Мұғаз! Алланың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін! Иә, Мұғаз! Мен саған әр намаздан кейін мынаны айтуды міндеттеймін: «Иә, Алла! Маған Өзіңді есімде ұстауға, саған шүкіршілік етуге және көркем түрде құлшылық етуге көмектес», – деп айтқанын жеткізген (имам Әбу Дәуд).
Яғни, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізіп, айтып отыруы ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсетіп кеткен көркем өнегелерінен. Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын): «Бір кісі Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында тұрғанда, олардың жанынан әлде бір кісі өтіп кетеді. Сонда әлгі кісі Пайғамбарымызға: «Иә, Алланың елшісі! Мен мына адамды жақсы көремін», – деді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол кісіге: «Сен бұл жайында оған айттың ба?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ», – дейді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда бұл жайында оған хабардар ет!» – дейді. Әлгі кісі өтіп кеткен адамды қуып жетіп: «Расында, мен сені Алланың разылығы үшін жақсы көремін» – деді. Ол болса: «Мені Кім үшін жақсы көрсең, Ол да сені жақсы көрсін!» – деп жауап қайырды», – дейді.
Мұсылманның өзгелерге деген сүйіспеншілігі тілмен ғана емес, оларға жанашыр болуы, жәрдемдесуі сияқты ісінде де көрініс табуы қажет.


Қисса
Ардақты Пағамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде мынадай қиссаны баяндаған: «Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырымен көрісу үшін жолға шығады, ал Алла Тағала оған жолда кездесетін бір періштені жібереді. Ол адаммен жолда кездескенде: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Мен ана ауылда тұратын бауырыммен жолығуға бара жатырмын», – деп жауап береді. Періште: «Сен оған бір жақсылық жасаған шығарсың, ал енді сол жақсылығыңнан бір пайда тапқың келіп бара жатқан шығарсың?» – дейді. Ол адам: «Жоқ, расында, мен оны Алла Тағала үшін жақсы көремін», – деп жауап береді. Сонда періште: «Мен болсам, шындығында сен ол адамды Алла үшін қалай жақсы көрсең, Алла да сені солай жақсы көреді! – деп айту үшін саған Алладан жіберілдім», – дейді» .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет