Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті


Сұрақ: Қарт кісілер мен айықпас науқастардың оразасы қалай болады?



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
 
Сұрақ: Қарт кісілер мен айықпас науқастардың оразасы қалай болады?
 
73.
Жауап:
 
Қарт
кісілер мен айықпас дертке шалдыққандар ораза ұстаудан босатылады, орнына 
фидия береді. Фидияны Рамазанның басында не оразадан кейін де беруге болады. Құранда
мұндай кісілер 
«бір міскіннің тамағын берсін»
 
деген. Әрбір күннің оразасы үшін бір кедейді 
таңертең
-
кешке екі мезгіл тоятындай 30 күн тамақтандырады. Сондай
-
ақ, підияның ақшасын 
кедейге беруіне де болады. Бұл үкім денсаулығының түзелуінен үміт жоқ кісілер мен 
қарттығынан ораза ұстай алмайтындарға ғана жүреді. Підия төлейтін де жағдайы жоқ пақыр 
болса, тәубе
-
истиғфар жасайды

 
Сұрақ: Оразаның підиясын бір кедейге ғана беруге бола ма?
 
74.
Жауап:
Рамазан орасын ұстауға қауқары жетпейтін қарт, немесе созылмалы аурумен 
ауыратын кісі бір міскіннің
қарнын әр
күнге екі мезгіл тойдыру арқылы підия төлемін өтеуі 
тиіс. Бір айдың підиясын бір адамға да бірнеше адамға да бөліп бреуге болады

 
Сұрақ: Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла ма?
 
75.
Жауап:
 
Хадисте: 
«Кім еркінен тыс құсып қойған болса, оразасының орнын толтырмайды. Ал 
кімде кім әдейілеп құсқан болса, сол күннің қазасын өтейді»
, - 
делінген.
Демек еріксіз құсса 
оразасы бұзылмайды.
 
Сұрақ: Ғайбат айту, өсек тасу немесе біреуге тіл тигізу оразаны бұза ма?
 
76.
Жауап:
Шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу үлкен күнә. Алайда 
оразаның өзін бұзбайды. Хадисте: «
Кімде
-
кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден 
тыйылмаса, оның оразасы бекер
», десе басқа бір риуаятта: «
Ораза –
 
тозақтың қалқаны. 
Ғайбат айту арқылы бұзбайынша оны қорғайды
», –
деген сияқты хадистердің мағынасын 
ғалымдар бір ауыздан оразаның өзін бұзады деп түсінбеген. Оразаның сауабы кем болады деп 
түсіндірген. Демек оразаның негізгі хикметтерініңбірі тек ішіп
-
жеуден ғана тыйылу емес. 
Сонымен қатар ғайбат, өсек, өтіріп айту сияқты түрлі күнәлардан да тыйылу екендігін естен 
шығармаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет