Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті


Сұрақ: Тарауих намазы қандай намаз?



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
 
Сұрақ: Тарауих намазы қандай намаз?
 
84.
Жауап:
Тарауих намазы –
Рамазан айында оқылатын 20 рәкәғаттық намаз. Үкімі –
сүннет 
муәккәдә (бекітілген сүннет). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 
«Алла Тағала Рамазан айында оразаны 
парыз етті. Мен де тарауих намазын мұсылмандарға сүннет еттім. Шын иман және 
ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан 
жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады»


деген. «Тарауих» сөзі «таруиха» сөзінің 
көпше түрі. Яғни, «аздаған демалу» деген мағынаны білдіреді. Әр төрт рәкәғаттан соң бір сәт 
демалғаны үшін осылай аталған. Үзірлі жағдаймен оқылмаған тарауих намазының қазасы 
өтелмейді. Әр екі немесе төрт рәкәғатта сәлем беріп оқылады. Әр төрт рәкәғатта сәлем 
бергеннен соң демалу уақытында
тарауих тасбихын айтса болады. Не болмаса зікір айтса, дұға 
етсе,
тіпті үндемей отырса да болады. 
 
 
Сұрақ: Тарауих намазы қалай оқылады?
85.
Жауап:
Әуелі
Құптан
намазының төрт ракағат парызы, сосын екі ракағат сүннеті, сосын 20 
ракағат тарауих намазы, сосын үтір уәжіп намазы оқылады.Жамағатпен тарауих намазын 
оқыған адам имамға ұйып, соның әрекеттерін қайталайды. Имамдыққа шыққан адам немесе 
жеке оқыған адам мына реттілікпен тарауих намазын төмендегідей оқиды:
1. 
«Ниет еттім тарауих намазын оқу үшін қараттым жүзімді құбыла тарапына нағыз Алла 
үшін иләһи таъала»
деп 20 ракағаттық
тарауих намазына ниет ету; 
2. 
«Аллаһу әкбәр» деп ифтитаһ тәкбірін айтып, қолдарды
кеудеге
қою;
3. 
Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака» дұғасын 
айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәәрокәс
-
мукә уә тәъаалә жәддукә уә ләә 
иләәһә ғойрук».
4. 
«Әғузу» мен «Бисмиллә»
дұғасы
айтылады. Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресі
мен 
қосымша бір сүре оқылады.
5. 
«Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхәәна роббиәл ъазим» деп айтады.
6. «Сәмиаллааһу
лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан тұрады. Тік тұрғаннан кейін «Роббәнәә
уә ләкәл
-
хамд» дейді

7. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барып, 3 рет «Субхәәна роббиәл аъләә» деп айтады.
8. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
9. 
«Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3
рет «Субхәәна роббиәл ағләә» дейді.
10. «Аллаһу әкбар» деп екінші рәкатқа тұрып қолдарын
байлап, «Фатиха» мен қосымша бір 
сүре оқиды.
11. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхәәна роббиәл азим» деп айтады.
12. «Сәмиаллааһу лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан тұрады. Тік тұрғаннан кейін «Роббәнәә 
уә ләкәл
-
хамд» дейді.
13. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады да 3 рет «Субхаана роббиәл ағләә» дейді.
14. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
15. 
«Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3 рет «Субхәәна роббиәл ағләә» дейді. 
16. «Аллаһу әкбар» деп сәждеден басын көтеріп тізерлеп отырады. Отырыста «Әт
-
тәхият», 
«Аллаһумма
салли», «Аллаһумма барик»
және «Раббана» дұғаларын
оқиды.
17. Соңында бірінші оң
иыққа қарап «Әс
-
сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп
сосын
сол 
иыққа қарап дәл солай сәлем береді.
Келесі екі ракағатты да дәл осы рет бойынша оқиды. Екі рағатты толық оқып, сәлем 
бергеннен кейін аздап тынығады. Осы арада тарауих таспихын айту ұнамды. 
Кімде
-
кім тарауих намазын әр екі ракағатта сәлем беріп емес, әр төрт ракағатта сәлем беріп 
оқитын болса, алғашқы отырыста «әттәхият» дұғасымен қоса, «Аллаһумма салли», 
«Аллаһумма барик» дұғасын да айтуы керек. Және сәлем берместен «Аллаһу әкбар» деп 
үшінші ракағатқа тұрғанда оны «сәнә», «әғузу» және «бисмилләмен» бастап, әрі
қарай әдеттегі 
тәртіп бойынша оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет