Үрдістер
|
Кезеңдер
|
Шығару
|
Жағдайды талдау және мәселені тұжырымдау.
|
2. Мәселені зерттеу және диагностикалау
|
3. Мақсатты анықтау
|
4. Шешімді іздеу мүмкіндігі мен мақсаттылығын негіздеу
|
5. Шешім нұсқасына талаптарды, көрсеткіштерді жасау.
|
6. Шешім нұсқаларын дайындау және тұжырымдау.
|
7. Қауіп-қатер дәрежесін анықтау.
|
Қабылдау
|
8. Нұсқаларды бағалау және соңғы шешімді таңдау.
|
9. Шешімді мүдделі тұлғалармен келісу.
|
10. Шешімді бекіту.
|
Жүзеге асыру
|
11. Қабылданған шешімді жүзеге асыру әдістерін нақтылау.
|
12. Шешімді орындауға жағдай жасау.
|
13. Шешімді практикалық жүзеге асыру.
|
14. Қол жеткізілген нәтижелілікті бағалау.
|
Бірінші кезеңде жағдаятты жалпы түрде талдау жасау жолымен проблемалық жағдайды сипаттау, мәселе туындаған ұйымдастырушылық буынды анықтау, мәселені тұжырымдау, оның маңыздылығын бағалау.
Басқару мәселесі - бұл осы жағдайда қаланған күрделі теориялық мәселе немесе нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін практикалық жағдаят.
Мәселені тұжырымдау тез арада шешім қабылдауға негіз бермейді. Соңғысы мәселенің пайда болу себебін анықтауды талап етеді. Оларды осы мәселеге қатысты қолда бар ішкі және сыртқы ақпаратты жинау және талдау арқылы ғана анықтауға болады.
Көбіне мәселенің туындауының себептері мыналар болады:
мәдениет мекемесі қызметінің қате ережелері, жағдайлары, мысалы, шын мәнінде орындау мүмкін емес нақты емес жоспарлар;
жұмысқа және оның нәтижесіне қойылатын қате талаптар;
мәдениет мекемесі ұжымының немесе жекелеген қызметкерлердің қызметіндегі кездейсоқ немесе қасақана қателіктер;
ойда болмаған жағдайлар, мысалы, электр жарығының өшіп қалуы.
Шешім іздеудің екінші кезеңі мәселені зерттеу және диагностикалау болып табылады. Бұл біршама уақытты, күш пен қаржыны қажет ететіндіктен, оған жан-жақты ойланып қарау, яғни жаңадан ештеңе де бере алмайтын зерттеулерді дер кезінде тоқтату қажет. Сонымен бірге, мәселені әрқашан соңына дейін анықтауға тырысу керек. Оны жете түсінбеу толық түсінбеуден де қауіптірек, өйткені нәтижесін болжап білу мүмкін емес белсенді әрекеттерге әкеледі.
Үшінші кезеңде мақсатты анықтау жүзеге асады, бұл мақсатты ұйымдастыруды, мәселені шешудің мақсатын тұжырымдауды түсіндіреді.
Төртінші кезең шешімді іздеу мүмкіндігі мен мақсаттылығын анықтауды қамтиды. Мұнда алда тұрған жұмыстың көлеміне; дайын шешімдер немесе олардың үзінділері түріндегі нәтиженің, қажетті техникалық және қаржы қорының болуына; күтілетін нәтижеге және т.б. байланысты болады.
Басқару шешімін дайындаудың бесінші кезеңі шешімнің соңғы нұсқасын іріктеу көрсеткіштерін анықтауды болжайды.
Алтыншы кезеңде шешімнің түрлі нұсқаларын тұжырымдау жүзеге асырылады. Олар не орынсыз, бірақ орын алған нәрселерді жоюға, не орынды, бірақ жоқ нәрсеге қол жеткізуге бағытталған.
Жетінші кезең қауіп-қатер дәрежесін бағалаудан тұрады: қауіптің болуы жайлы білу маңызды, бірақ бұл жеткіліксіз, оның маңыздылығын анықтау қажет.
Қауіп-қатерді анықтау – шешімнің тиімділігін бағалаудың бастапқы негізі, ол арқылы жағымсыз, әрекеттің соңғы нәтижесін төмендететін нәтижелерден құтылуға мүмкіндіктің болған-болмағанын анықтауға болады.
Қауіп-қатер дегенде қате шешім қабылдау қаупі түсініледі. Қауіп-қатер шығынның орын алу қаупі болғандықтан, мақсаттан жағымсыз ауытқуды білдіреді. Болашақ ешқашан белгілі болмағандықтан, барлық шешімдер тәуекелмен байланысты.
Шешім қабылдау жолындағы сегізінші кезең нұсқаларды бағалаудан және соңғы шешімді қабылдаудан тұрады. Бұл кез-келген ақпарат оның сапасын айтарлықтай өзгерте алмайтын кезде болады. Сонымен қатар, егер нұсқалардың артықшылықтары айқын болмаса, кейбір қиындықтар туындауы мүмкін.
Шешім нұсқаларын бағалағанда оны нәтижелі жүзеге асырудың мүмкіндігі қаншалықты және болашақта осы шешімнің нәтижесінде қандай жағдай орын алуы мүмкін екендігін болжау қажет. Салдары оң болатын нұсқа таңдалады.
Шешімді қабылдау жолындағы тоғызыншы тәсіл оның негізгі жағдайларын орындаушылармен және мүдделі тұлғалармен келісуден тұрады. Бұл олардың шешімді орындаумен байланысты міндеттерін құжат түрінде бекітеді және орын алуы мүмкін қақтығыстардың алдын-алады.
Оныншы кезеңде шешімдерді оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарға ие және нәтижеге жеке жауапкершілік алатын ұйым немесе бөлімдер басшыларының бекітуі жүзеге асады.
Қабылданған шешімді жүзеге асыру әдістерін нақтылайтын он бірінші кезең шешімді практикалық жүзеге асыруға жатады.
Басқару шешімдерін жүзеге асырудың он екінші кезеңінде оны нәтижелі орындау үшін жағдайлар жасау қажет.
Мәселені шешу ісінде жетістікке жету факторлардың үш тобының ықпалына негізделген:
-ұйымдастырушылық;
- материалдық;
- жеке тұлғалық.
Ұйымдастырушылық факторларға жататындар:
1) қызметкерлер мен мамандар ұжымының өзгеріп отырған жағдайларға дер кезінде бейімделу қабілеті;
2)мәселені дер кезінде анықтау және шешу, сондай-ақ,соған сәйкес тапсырманы орындаушыға жеткізу. Алдын-ала қабылданған шешімдер дұрыс болмауы немесе қажетті ақпараттың болмауына байланыста жеткілікті дәрежеде дұрыс болмауы мүмкін. Кешігіп қабылданған шешімді уақыттың жеткіліксіздігінен жүзеге асыру қиын.
3)шешімді іске асырудың тиімділігіне көбіне мәдениет мекемесінің қызмет етуінің тұрақтылығы, оның түрлі кедергілерге қатысты орнықтылығы ықпал етеді.
Мәселені шешудің нәтижелігіне ықпал ететін материалдық факторларға осыған қажетті табиғи, технологиялық, ақпараттық және басқа да ресурстар және оларды еркін пайдалану мүмкіндіктері жатады.
Шешімді жемісті іске асырудың жеке тұлғалық факторлары:
біліктіліктің, білім мен тәжірибенің қажетті деңгейі;
басшы мен қызметкерлердің дербес психологиялық ерекшеліктері, олардың жұмысқа, өз міндеттеріне қатынасы;
ұйымдағыжалпы моральдық-психологиялық хал-ахуал.
Он үшінші кезең – бұл мәдениет мекемелеріндегі басқару шешімдерін практикалық іске асыру.
Тәжірибеде шешімді іске асыру оны іске қосу кестелерін құрудан және осы үрдісті бақылаудан басталады. Біріншісінде нәтижеге қашан және қандай шығынмен қол жеткізілетіні көрсетіледі. Екінші кесте шешімнің орындалуын және осы істе қол жеткізілген нәтижені тексеру үшін негіз құрады.
Тексеру жұмыс қаншалықты сапалы істелгенін анықтауға, шешімді жүзеге асыруды жалғастырудың қажеттілігі бар ма,нені жақсартуға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы төртінші кезеңде қабылданған шешімнің тиімділігін бағалау жүзеге асады. Мұнда егер шешімге о бастан-ақ іске асыру мүмкіндігі жасалмаса, ол ешқашан да нәтижелі болмайды.
Басқару шешімінің сапасына түрлі факторлар әсер етеді.
3 . Басқару шешімдерінің жіктелуі.
Мәдениет мекемелерінде шешім қабылдаудың негізгі технологиялық құраушылары
Мақсаты. Басқару субъектісі (мейлі ол жеке адам немесе топ болсын) өзінің жеке қажеттіліктеріне байланысты емес, мәдениет мекемесінің мәселесін шешу мақсатында шешім қабылдайды.
Салдары. Жеке адамның жеке таңдауы оның жеке өміріне әсер етеді және оған жақын адамдардың кейбіреуіне де әсер етуі мүмкін. Менеджер, әсіресе жоғары қызметтегі менеджер алдағы іс-әрекет бағытын тек өзі үшін емес, сондай-ақ тұтастай ұйым үшін және оның қызметкерлері үшін де таңдайды, оның шешімі көптеген адамдардың өміріне елеулі ықпал етуі мүмкін. Егер ұйым үлкен және ықпалды болатын болса, оның басшыларының шешімі тұтастай аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан көрініс табуы мүмкін.
Еңбек бөлінісі. Егер жеке өмірде адам шешім қабылдай отырып, әдетте оны өзі орындаса, ал ұйымда нақты еңбек бөлінісі болады: бір қызметкерлер (менеджерлер) орын алған мәселені шешумен және шешім қабылдаумен айналасады, келесілері (орындаушылар) - қабылданған шешімді жүзеге асырады.
Кәсібилік. Жеке өмірде адам өз интеллектісі мен тәжірибесі негізінде өз бетінше шешім қабылдайды. Мәдениет мекемесін басқаруда шешім қабылдау - кәсіби дайындықты талап ететін анағұрлым күрделі, жауапты және формальданған үрдіс. Тек кәсіби білім мен дағдыларды меңгерген маман мен қызметкер ғана өз бетінше қандай да бір шешім қабылдау өкілеттілігіне ие.
Мәдениет мекемесінде шешім қабылдаудың осы ерекшеліктерін қарастыра отырып, басқару шешіміне келесідей анықтама беруге болады:
Басқару шешімі – бұл басшының өзінің қызметтік өкілеттіліктері мен құзіреттіліктері шеңберінде жүзеге асырылған және мәдениет мекемесінің нақты мақсатына қол жеткізуге бағытталған баламаларды таңдауы.
Басқару үрдісінде түрлі сипаттағы сан түрлі шешімдер қабылданады. Соған қарамастан, осы көптеген шешім түрлерін нақты жіктеуге мүмкіндік беретін кейбір жалпы белгілері бар. Осындай жіктеулердің бірі төмендегі кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |