Мухамедин М. М. Әлеуметтік


Басқару шешімдерін шығару әдістері



бет10/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
355585 5

Басқару шешімдерін шығару әдістері шешімдерді шығару үрдісінде жекелеген бөлімдер мен жекелеген қызметкерлердің іс-әрекетін тәртіпке келтіруді болжайды. Мәдениет мекемесінің жұмысы регламенттер, нормативтер, ұйымдастыру талаптары, нұсқаулықтар, жауапкершіліктер арқылы жүзеге асырылады.
Басқару шешімдерінің сапасын бағалау олардың мәселенің жемісті шешілу қажеттілігіне белгілі бір шамада жауап беретін қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Мысалы, дер кезінде қабылдануы, нақтылық, адрестілік.
Басқару шешімін қабылдағанда ең алдымен басқару шешімін қабылдау нысанын анықтау қажет.
Мәдениет мекемесінің көп қырлы қызметі оның меншік түріне тәуелді емес. Соның ішінде, шешім қабылдау нысаны келесідей іс-әрекет түрлері болып табылады:

  • стратегиялық даму;

  • негізгі және көмекші бағыттарды ұйымдастыру;

  • маркетингтік қызмет;

  • экономикалық және қаржылық даму;

  • жалақыны мен сыйақыны ұйымдастыру;

  • әлеуметтік даму;

  • басқару;

  • бухгалтерлік қызмет;

  • мамандармен қамтамасыз ету;

  • іс-әрекеттің өзге түрлері.

Мәдениет мекемелерінде басқару шешімін дайындау және қабылдау күрделі және көпқырлы үрдіс болып табылады. Басқару шешімін дайындау кезеңінде жағдаяттың ерекшеліктерін зерттеу жүзеге асырылады, алынған ақпаратты жинау, өңдеу жүргізіледі, шешуді қажет ететін мәселе анықталады.
Шешімді қабылдау кезеңінде шешімнің түрлі нұсқаларын өңдеу және бағалау жүзеге асырылады, әрекеттер жүйесі анықталады, шешімнің нұсқаларын айқындау жүзеге асырылады; таңдау жасалады және осы жағдайдағы ең жақсы деп есептелген шешім қабылданады.
Шешімді практикалық іске асыру кезеңінде шешімді нақтылау және оны орындауға дейін жеткізу үшін қажетті шаралар жүйесі анықталады, көзделген шешімді орындау барысын бақылау жүзеге асырылады, қажетті түзетулер енгізіледі және шешімді орындаудан алынған нәтижеге баға беріледі.
Сонымен, мәдениет мекемелерінде басқару шешімдерін шығару үрдісі - бұл операциялардың оларды жүзеге асырудың, арнайы техниканы пайдалану, қызметкерлердің біліктілігі, жұмыстың орындалуының нақты жағдайларының рационалдығының көрсеткіші бойынша өндірілген бірізділігінің нұсқасы.
Мәдениет мекемелерінде басқару шешімдерін дайындау қатаң бірізділікке негізделеді және нақты күтілген нәтижеге бағдарланған. Соған орай басқару шешімдерін қабылдау үрдісі міндетті түрде кешенді болуы тиіс және оны келесідей сызба түрінде көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет