Дәріс №2. Тақырыбы: Алғашқы кадет корпусы гуманистік тәрбие жүйесі ретінде
Жоспар:
1. Алғашқы кадет корпусы гуманистік тәрбие жүйесінде
2. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп
1. Алғашқы кадет корпусы гуманистік тәрбие жүйесінде.«Гуманистік тәрбие жүйесі» термині педагогикалық теорияда соңғы онжылдықта пайда толса да, педагогикалық өмірдегі феномен ретінде бұрыннан бар.Ресейде алғашқы гуманистік тәрбие жүйесі Санк Петербургтегі 1-кадет корпусы .
1 Петрдің 1714 және 1723жж жарлығымен барлық жас дворяндар мектепте немесе үйде білім алуға тиісті еді.
1723 ж. жаңа құрғақта жүретін кадеттік корпус алғашында ерекше оқу орны болып құрылып, оған 13 тен 17 жас аралығындағы дворянның балаларын қабылдады. Онда арифмитикаға, артилерияға, шпакпен әрекетке, атпен жүруге және басқа қажетті ғылымға қажетті өнер түрлеріне үйретеді. Анна Иоаннова айтқандай «кез келген адамның табиғаты әскери іске қабілетті емес және сондай-ақ мемлекетке саяси және азаматтық оқыған адамдар да аз қажет емес. Корпустың тәрбиеленушілері шетел тілін, тарих, география, заңгерлік, би, музыка және табиғи бейімділігіне байланысты басқа да пайдалы ғылымдарды игеруі қажет болды. сабақ күніне 6 сағат болып, тәрбиеленушілер әртүрлі пәндер бойынша әртүрлі кластарда оқи алды. пәнге деген қарым-қатынас пен ішкі тәртіп басқа оқу орындарына қарағанда біршама тәуелсіз болды.
Мұндай қолайлы жағдайды кадет корпусының директоры И.И.Бецкойдің кезіндегі өзгерістер гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесіндегі өзгерістерінің арқасында болды. Еуропалық ағартушылардың гуманистік идеяларының әсерінен ол өз көзқарасын практикада жүзеге асыруға тырысады. Іске қарым-қатынасы гуманизм тұрғысынан болады.
Ол өзінің жарғысын қабылдады. Жарғыда ол тәрбиеленушілерді 5 жас кезеңіне бөлді. Бастауыш бөлімдегілер бөлек орында болып, оны басқарушы басқарды. 5-6 жастағы барлық балалар 12-15 адамнан тұратын топтарға бөлініп, оларға тәрбиелеуші бекітілді.Ол балалармен барлық күнді өткізіп, балалармен ойнап, серуендетіп, жақсы мәнерге үйретіп және француз тілін үйретті. Сонымен қатар олар орыс тілін үйреніп, би және сурет салуға үйретті. Құдай заңы тіптен оқытылмады.
Мұғалімдер пән бойынша бөлімдерді кадеттерге «жеңіл және ұнамды болатындай» өткізуі тиісті болды. Оқуға күштеу білімнің пайдалылығы жөнінде көз жеткізу мен, тәрбиеленушілердің қызығушылығын дамытумен алмастырылды. Бұл үшін корпуста библиотека, натуралдық кабинет, ботаникалық бақ, арсенал, механикалық және архитектуралық орындар, әсем суретті галерия ұйымдастырылды.
Ағымдағы бағалау болған жоқ, бірақ сатақ кезінде оқушылар сұралынып, мұғалім олардың қабылдау деңгейі туралы ақпаратты болып отырды. Баға емтиханда қойылды. Кадеттіктердің жетістіктерін марапаттау үшін, ерекше көрінгендерін жұрттың көзінше үлкен салтанатпен алтын медальдар берді.
Бецкойдың ойынша жақсы тәрбиеші бір мезгілде оқытушы,үнемі қасынан табылатын жан. Ол әр тәрбиеленушінің мінезі мен қызығушылығын танып-білу қажет және күнделік жүргізіп, оған бақылағанын түсіріп отыруға тиісті. Онда олардың мінез-құлқы, табиғи дарыны, ғылымдағы жетістігі,т.б. Әр 6 ай сайын тәрбиелеуші бастықтарға өз бақылауының нәтижесімен таныстырады. Бүгінде мұны біз психологиялық-педагогикалық зерттеу деп атаймыз.
1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны – эллин-гректік, кейіннен славян – грек – латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.
Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын “Псалтырь”, “Славян тілінің әліппесі”, т.б. қалдырды. Ол табиғатқа сәйкестік ұстанымын қолдады. Адамды тәрбиелеудің үш кезеңін ұсынды: туғаннан 7 жасқа дейін- адамгершілік тәрбиесі кезеңі, 7 жастан 14 жасқа дейін- практикалық оқыту кезеңі, 14 жастан 21 жасқа дейін- ақыл-ойдың даму және азаматтық тәрбие кезеңі. Жақсы ата-анада жаман баланың болу себебі шектен тыс баланы сүю деп есептеді. Баланың ең алғашқы дағдыларына жете мән берді. Симеон Полоцкий І Петрді тәрбиелеуді қадағалаған.
Полоцкий әлемді құдайдың жазған кітабы ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыны осы кітапты оқуға үйретуі қажет деп көрсетті. Ол оқытуды латын, грек және орыс тілінде жүргізу керектігін айтты.
Бұлардан кейін білім берудің таза шіркеулік-діни кезеңі аяқталып, оқу орнында дінмен қатар, ғылым да оқытыла бастады. Дегенмен ғылыми пәндерді оқытудың өзі де дінге тәуелді болды, барлық ғылым православиелік дін тұрғысынан түсіндірілді.
Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге – діни семинарияға айналды.
Бұл академияның қабырғасында М.В.Ломоносов, көрнекті жазушы А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Баженов және т.б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия-ресейлік, славян-грек-латын, ескі салттық есептік – төрт бағыты сарапталды.
Бұлар Ресейдің алдағы қоғамдық даму жолын бағалау жағынан екі бағытты ұстанды. ХIХ ғасырда олар батыстық бағытты және славяндық бағытты ұстанушылар деп аталды.
Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады. «Домострой» үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімінде өмірге байланысты діни ақыл-кеңес берілді. Мұнда ата-аналардың басты міндеті балаларына адамгершілік-діни тәрбие беру керек делінді.
Кітаптың екінші бөлімі отбасылық қарым-қатынасқа арналды. Күнделікті тұрмысқа қажетті еңбекке, сауаттылыққа және кітап «ғылымын» үйрену жөнінде кеңес берілді.
«Домостройдың» үшінші бөлімінде үйді жабдықтауға,шаруашылық жұмыстарға қатысты кеңестер берілді.
Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар – офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осыдан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды.
Петр I-ші мемлекетті дамыту мақсатымен шіркеуді өз билігіне көндірді. Шіркеу бірден-бір білім бақылау құқынан айырылды. Бұдан былай білімді бақылау мемлекет қарамағына алынды. Сонымен Ресейдегі оқу-ағарту жұмысы үкімет мүддесіне қызмет етуге бағытталды.
1721 жылы Петр I-нің тікелей қатысуымен Феофан Прокопович «Рухани регламент» жасады. Онда мемлекеттің шіркеуге үстемдік етуі бекітілгенмен де, халықты адамгершілікке тәрбиелеп, ақыл-кеңес беру үшін шіркеудің білім деңгейін жетілдіру көзделді. «Рухани регламентте» мемлекеттің мүддесі басым болды. Ф.Прокопович жаңа мектепке ғылыми сипат беруді көздеді, онда түрлі пәндерді оқыту, оқытуды көрнекілікке негіздеу, кітапхананың болуы міндеттелді, өйткені «кітапсыз академияның жаны жоқ» деп көрсетілді.
Академияның оқу жоспарындағы пәндер:
– грамматика тарихпенжәне жағрафиямен бірге;
– арифметика геометриямен бірге;
– логика мен диалектика бірге;
– риторика мен тақпақ шығаруға жаттығумен бірге;
– физика қысқаша метафизикамен бірге;
– қысқартылған саясат;
– діни оқу (мерзімі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды).
Шет тілдері (латын тілін міндетті түрде оқыту, егер мұғалім табылса, грек және еврей тілін оқыту) сабақ уақытындағы екі пәннің арасында оқытылуы тиіс болды.
Оқу мерзіміне 8 жыл бөлінді. Оқуды бітіргендерге дін немесе ғылым жолына түсуге мүмкіндіктер берілді.
“Регламентте” элементарлық мектеп жайы атап өтілді, әр епископ өз үйінде дін иелерінің балаларын оқытып, дін жолына түсетін қызметкерлер даярлауға міндеттелді. Ең бастысы Ф.Прокоповичті толғандырып, мазасыздық тудырған мәселенің бірі – мұғалімдердің саны мен сапасын көтеру болатын. Өкінішке орай Ф.Прокоповичтің идеясы мен пікірлері дін иелері тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені олар Петр I-нің білімді қайта құруына қарсы болды.
I Петр заманындағы мектептің жайы. Петрдің қолындағы «Рухани регламент», білімді қайта құру жобасын толықтай жүзеге асырмады. Дегенмен сол жобаның ықпалынан Петрге дейінгі қалыптасқан бір типті білім екі бағытқа бөлінді – шіркеулік және дүнияуи, соңғысының аясында түрлі кәсіби мектептер пайда болды. Петр заманындағы жаңадан ұйымдастырылған білім сипатына тоқталсақ, біріншіден, ол кәсіби бағыт алса, екіншіден, сословиелік жіктелуді күшейтті, өйткені бұл тұста дворяндарды қолдау саясаты күшті жүргізілді.
Петрдің алғашқы бастамасы мемлекеттік мектепте бұқара халықтардың балаларын оқыту үшін – цифирлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұқара халықтың балаларынан мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Цифирлік мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды.
Оқу мазмұнында сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды. Ондағы мұғалімдік қызметке мәскеулік математика мектебі мен кеме жүргізу (навигация) мектептерінің шәкірттері тартылды. Бірақ цифирлік мектептің ғұмыры қысқа болды, себебі ондағы оқуға төленетін қаржыны бұқара халықтың жағдайы көтермеді. Алайда, бұл мектептің жұмысы педагогикалық тәжірибені дамытты.