Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы



бет26/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
1. Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Жаңа кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды.
Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы мен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келіп, кеңестік педагогика буржуазиялық- педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси және басқа да қағидаларына адамзаттың алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бұл идеялар белгілі “Бірыңғай еңбек мектебінің мектебі туралы ережелері” мен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” тарихи мәні бар мемлекеттік құжаттарында айқын көрініс тапты. Бұл құжаттарда тәрбие мен білім берудегі гуманизм және демократизм, мектептегі өзін-өзі басқарудың және шәкірттер мен мұғалімдердің өзара жаңа білім қарым-қатынасының идеялары бекітіліп және педагогикалық тұрғыдан негізделді.
Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды, әсіресе, 20-жылдардың бас кезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу аяқталуға жақындаған кезде күшейе түсті. Бұл күрес төмендегідей негізгі педагогикалық мәселелердің төңірегенде болды:

  • тәрбие үрдісінің мәні, оның негізгі бағыттығы;

  • кеңес мектебінің мақсаттары мен міндеттері қандай.

Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.
Ұлтшылдық – шовинистік тәрбиеге кеңестік педагогика патриоттық және интернационалистік тәрбиені қарсы қойды.
Кеңестік педагогика, өнерді, баланың танымдық қабілеттіктерін дамыту мен рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеялы мен дүниеге эстетикалық қатынастар жүйесінің ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
20-жылдары педагогикадан алғашқы кеңестік басшылық пайда болды. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ол “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің “Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие және білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын атамады.
П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан, педагогиканың дамуына бір қадам алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич “Еркін тәрбие теориясының” кейбір қағидаларын сынға алғандығын атап айту қажет.
1927-1930 жылдарда кеңестік педагогикада жан-жақты пікірталас өткізілді. Пікірталас кезінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды: педагогиканың әсер ету саласы, тәрбиенің қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысы, бала дамуында ұйымдасқан жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы берілді.
Педагогикалық пікірталас дидактика мәселелерін жедел талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде белгілі болды, мектептерде енгізілген Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді бағдарламалары өзінің ғылыми негіздерін көрсетті.
Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласының жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.
Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.
20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халық ағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теориялық міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.
Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.
Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды.
30 жылдар кеңестік педагогиканың барлық салаларының ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен сипатталды. Педагогика ғылымының қайраткерлері мектептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін “Педагогика” оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың “Педагогикасы” педагогикалық институттарға арналған; П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы 1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына баруымен жарық көрді; 1940 жылы П.Н.Груздевтің редакциясының басқаруымен “Педагогика” оқу құралы баспадан шықты; Б.П.Есиповтың және Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығын атап өтуге болады.
30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дидактика мәселелері таным теориясы тұрғысынан қарастырылды.
20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П.Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 30-жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 30-жылдары қабылданған мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқыту теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді.
Дидакт-ғалымдар және әдіскерлер жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ғылыми-теориялық негіздермен, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі ретінде сабақтың теориясымен, оқушылардың таным қызметінің белсенділігін арттыру мақсатында оқытудың әдістерін жетілдіру проблемаларымен айналысты.
Партияның 1936 жылы 4 шілдедегі “Халық ағарту жүйесіндегі педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысы шыққаннан кейін педалогияны және оның өкілдерін сынау барысында асыра сілтеушілік және кейбір елеулі кемшіліктер орын алды. Кей жағдайда кейбір көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектері мен идеяларына дұрыс және объективтік тұрғыдан баға берілмеді. Педалогтардың, теоретиктер мен практиктердің ішінде педагогика мен психология ғылымына ерекше үлес қосқан ғалымдарымыз аз болған жоқ, олардың қатарында Л.С.Выготский, П.П.Блонский, М.Я.Басов сияқты белгілі ғалымдар болды. Бұл ғалымдар мен практиктер жеке тұлғаның психикалық даму заңдылықтарын зерттеуді оны тәрбиелеу үрдісімен бірлікте қарастырудың мәні ерекше болды. Педалогия ғылымын біржақты буржуазиялық ғылым ретінде сынау психология ғылымының дамуына орасан зор зиян келтірді, көптеген белгілі педагог - психолог ғалымдарымыз кезінде орынсыз қуғын-сүргінге ұшырады.
30-жылдардың орта кезінде педагогика тарихының саласында ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі жандана бастады. Бұл бағытта одақтас республикаларда жемісті еңбек ете бастаған ғалымдардың ішінен С.Х.Чавдаровты (Украина), С.Данелия, М.П.Оранхелашвили (Грузия), Т.Т.Тажибаев, Ш.Кохумбаев (Қазақстан) және т.б. ғалымдарды атуға болады. Капиталистік елдердегі мектеп пен педагогика тарихы зерттеле бастады. (Е.Н.Медынский, Н.А.Константинов, С.А.Фрумов, М.Ф.Шабаева және басқалар).
1937 жылы барлық одақтас республикаларда бұрын жұмыс істеген зерттеу институттарының базасында мектеп пен ғылыми-зерттеу институттары ұйымдасты.
Сонымен революциядан кейінгі алғашқы жылдардағы әлеуметтік-саяси жағдайдың сипаттамасы: азаматтық соғыс, экономикалық күйзеліс, балалардың бақылаусыздығы, балалар мен жеткіншектерді оқытуда таңқаларлық нәтижелерге қол жеткізген педагог-энтузиастардың ГТЖ құруы, сол жылдардағы бұқаралық тәрбие тәжірибесінен озып кеткен әлеуметтік эксперимент.
Жалпы белгілер: мектеп қызметінің ресми құжаттардың негізгі ережелеріне бағынуы: Декларацияларға, Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережеге, ГУС тезистеріне, балалар әрекетінің мазмұнында, педагогтар жұмысының әдістерінде, өзін-өзі басқару функцияларында, балалар мен ересектердің балалардың өздерінің қарым-қатынасы сипатында.
Ортақ белгілер: балаларды өз-өзіне қызмет көрсету бойынша сан түрлі қызметке қосуға талпыныс, өз-өзіне қызмет көрсету бойынша еңбек – кез-келген мектептің тәрбие жүйесінің міндетті құрамдасы. Еңбектің осы түрінің балалардың жалпы бірлескен қызметіндегі үлес салмағы, оның мазмұны, ұйымдастыру нысандары - түрліше. Еңбек балалар ұжымын біріктірудің негізі ретінде.
Еңбек қызметін оқу эстетикалық қоғамдық-саяси және басқаларымен үйлестіру.
Педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыты – білім беру жұмысымен тығыз араласқан қоғамдық тәрбие жүйесін құру. Балалардың мектептен тыс жерлерге шығаратын қоғамдық әрекетін белсенді түрде көрсету культі.
Оқу материалын іріктеуге деген тәсілдемелерде, оны зерттеу әдістерінде, тәрбие жүйесінің басты бағыттарының бірі ретінде балалардың еңбек әрекетін ұйымдастыруда, мектептегі өзін-өзі басқаруды қоюда және балалардың қоғамдық ұйымдарға қатысуында жалпы қағидаттардың көрініс беруін жатқызуға болады.
Күллі педагогикалық жүйенің негізі – бала тұлғасына терең құрмет, жекелікті ашу құралдарын іздеу, балалар тұлғасына күш көрсетудің болмауы. Бұл жерде – «Мектеп өмірінің» гуманистік сипаты.
Мектепте 2 бөлімше: қалалық (Мәскеу) және деревнялық - (Кожино селосы). Оқу жұмысының негізінде – зерттеу әдісі. Қысқы уақытта – оқу зерттеу жұмысы үшін және қоғамдық-саяси тәрбие үшін материал алу мақсатында қалалық мекемелерді зерттеп-тексеру. Жазғы уақытта – ауыл шаруашылық жұмыстарға қатысу, зерттеу жұмысын жалғастыру.
Клубтық сабақтар. Басты назар балалар бастамасын дамытуға, балалар қызығушылықтарын ескеруге аударылады. Кемшіліктер: білімнің жүйесіздігі.
Маңызды орын – еңбек тәрбиесі. Балалардың еңбек әрекетіне қатысуы – белсенді тұлғаны тәрбиелеудің басты құралы. Бірінші жоспарда – еңбек әрекетінің гуманистік бағыттылығы, балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескеру, адамгершілік тәрбие, қоғамдық пайдалы әрекетке қызығушылықты дамыту, өзін-өзі басқару.
1921 жылы бұрынғы одессалық приют "Алғашқы тәжірибелік мектеп-коммуна" деп атала бастады.
Өзін-өзі басқару. Міндетті шарт – балалардың қуанышы. Балалардың бастамасымен нақты істер базасында шағын ұжымдардың құрылуы (мәдени үйірмелер, еңбек топтары, «санитарлық легион»). Отбасылық және коммунистік үйірмелер – коммунадағы екі қарама-қарсы «идеологиялық ағым». Пікірлер, идеялар мен тілектердің ашық күресінде – түпнұсқа қоғамдық пікірді құру. Педагогтардың ұстанымы – басшылық және епті түрде көмектесу, бірақ таңу және басу емес.
Үлкен маңыз – балалар ортасында туған актив, балалардың құрметіне бөленген. Қозғалмалы құрам. Өмір мен жұмыс салаларының әртүрлілігі салдарынан – олардың әрқайсысында өз активі бар.
Ұжымның қалыптасу және дамуындағы маңызды шарт – топтың көркем символикасы (атауы, әнұраны, эмблемасы, туы, анты).
Шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру – журналдар мен газеттер баспасында.
Люстдорфтағы балалардың жазғы қалашығында коммуналық үйірмені жұмылдыру. Одан арғы даму – «Октябрь төңкерісі атындағы қалашық» қызметінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет