Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша



бет22/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
ko

Дәріс №8. Тақырыбы: Штутгарттағы алғашқы Вальдорф мектебі Жоспар:
1. Вальдорф оқу жүйесі
2. Рудольф Штейнер – Вальдорф оқу жүйесінің негізін қалаушы
3. Вальдорф мектебінің құқықтық статусы және діни тәрбиесі


1. Вальдорф оқу жүйесі. Вальдорф мектептері – бұл балалық шаққа құрмет негізінде құрылған білім жүйесі. Оның мақсаты – әрбір баланың табиғи қабілеттерін дамыту және ересек өмірінде қажет болатын өзіне деген сенімділігін нығайту. Орта мектептегі білімнің негізі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп кезінде – ақ қаланады. Бұл кезеңде вальдорф мектебі эмоциялық жетілу, инициатива мен іске шығармашылық тұрғыда келу, дұрыс көзқарас пен жоғары жауапкершілікпен қарау сияқты сапаларды дамытуға тырысады.
Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы баланы ақыл-ой, интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға қойып, балалардың сезімтал аппарат арқылы табиғи жолмен әлемді тануын қамтамасыз етеді. Балаға 7 жасқа дейін есі мен ойлауына күш түсірмеуді қолдайды. Бала қоршаған ортаны өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі , өмірді танып-білуді баланың рухани және ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз қалауымен, өз ықтияры болған кезде іске асырып, баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен ересектердің мейірімділікпен және сүйіспеншілікпен қарағанын қажет етеді.
3 жас ерекшелік кезеңі: ерте балалық шақ (туғаннан 7 жасқа дейін); балалық шақ (7-14 жас аралығы), жеткіншектік және жастық шақ (21 жасқа дейін). Мектеп оқушылардың дене дамуына да (ерте балалық шақ), эмоциялық дамуына да (балалық шақ), және де рухани қалыптасуына (жеткіншектік) елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс. Вальдорфтық педагогиканың басты қағидаттарының бірі – оқушының ерік-жігеріне тікелей әсер етуді жоққа шығару, оның эмоциясының, одан кейін интеллектісінің баяу, біртіндеп қалыптасуы, бұл еріктің қалыпты дамуына және нығаюына алып келеді.
Тиімді тәрбиенің басты шарты – адами табиғатты және педагогтың өзінің рухани-жан дүниесі ахуалын білу қажеттігі. Тәрбиелеудің мәселесі – бұл ең алдымен тәрбиешінің мәселесі.
Тәрбие жұмысының орталығы – адамгершілік тәрбиені ұйымдастыру. Мектептің арнайы міндеттерінің бірі – балалардың бойында жақсы іске рахаттану және ұнату сезімдерін және жаман іске жиіркену, жеккөру сезімін тәрбиелеу. Өмірді діни түсінуді тәрбиелеу.
Кез-келген Вальдорфтық мектептегі басты адам – сыныппен алғашқы 8 жыл бойы жұмыс жасайтын сынып мұғалімі. Оқытудың алғашқы жылдары берілетін сабақтар блогы жеке пәндерге бөлінбейді.
Негізгі пәндер таңертеңгі сағаттарда оқытылады. Түстен кейін – музыка, ән, эвритмия.
Мұғалімдерді іріктеу –Штейнердің айрықша құзыреті.
Бастапқыда – 8 сынып (шамамен 200 оқушы). Мектепті формальды басқару – директор Шуберт. Штейнер назарын мұғалімдермен жұмысқа жұмылдырды: мұғалімдер конференциясын, жеке әңгімелер өткізу.
Мектепте – ниеттес және қуанышты атмосфера, мұғалімдер мен тәрбиеленушілер арасындағы сенім. Вальдорф мектебі – Германиядағы алғашқы бірыңғай мектеп.
Ғалымның айтулы жаңалығы– оқу бағдарламасын ең алдымен мұғалімдердің, осыдан кейін мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктеріне бейімдеу. Оқытушылар алқасы – мектептің жүрегі. Жалпы педагогикалық жиналыстар.
Штейнер тәрбие міндеттерінің шешіміне мектепте болып жатқанның бәрін бағындыра алды, оның тіршілік әрекетін мектеп тәжірибесіндегі кез-келген бөлшек адами табиғатты жетілдіруге қызмет ететіндей етіп, ұйымдастыра алды. Ол адамзат иесінің бойында адамдық идеалды іс жүзінде жүзеге асыруға қол жеткізді.
Вальдорф мектебі оқушыға өзін қоршаған ортада болып жаткан істерге өзінің ортақтас екендігі сезімін дамытатын әлемтану, қоғамтану мен өзін – өзі тану тәсілдерін ұсынады.
Мектептің бағдарламасы әрбір оқушының жеке қажеттілігін есепке ала отырып, жасалынған.
75 жыл бойы жиналып келген вальдорф тәжірибесі, вальдорф тәсілдерінің әр түрлі халық мәдениетіне бейімделіп кетуін көрсетті. Осы мектеп бағдарламалары тек білім беруге ғана емес, табиғи қабілеттерін арттыруға мақсатталған. Тұрғының кеңдігі және пәнаралық – бағдарламалардың айырмашылық ерекшелігі.
Вальдорф мектептерінде сабақ беру мирасқорлық пенжеке ұстаздың ықпалын тигізе білу қағидаларына негізделген. Мектепке дейінгі кезеңде барлық пәндерді бір мұғалім жүргізсе, 6 жастан 14 жасөа дейін балалармен олардың сынып жетекшілері жұмыс істейді. 14-18 жастағы оқушылар көмек пен қолдауды өз сынып жетекшілерінен алады. Осылайша, әрбір бала өз бір адамның бақылауында болады. Баланың шығармашылық мүмкіндіктерін барынша қолдануы үшін, оны қалай оқыту мәселесін педагог өзі шешуге құқылы. Мұнымен қоса педагог өзінің іске деген адалдығын айқындауға және өзінің кәсіби тәжірибесін қолдануға мүмкіндік алады.
Вольдорф мектебін бітірушілер – бүгінгі қиындығы мол заманда адам өз әрекетін, икемділігі мен жауапкершілігін жиі көрсетуге тырысты. Бұл мектепте бірінші сыныптан бітіруші сыныпқа дейінгі қолданылатын пәнаралық тұрғы – оқушыларға әлемге деген бүтін көзқарасын дағдыландыруға мүмкіндік береді. Бұл мектепте жек білім беру саласын меңгеру ғана емес, оқиғалар арасында өз бетінше байланыс орнатуға көмектеседі.
Пәнаралық тұрғыда балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, барлық заттарды зерттеуде қолданылады. Алғашқы екі сағат сабақтан 3-4 аптаға дейін мынадай тақырыптарды қарастыруға арналуы мүмкін: Солтүстік Америка географиясы, механика, ежелгі римдіктер, ауылдар, қаражаттарға, қоректену мен сәулетөнеріне. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға және оқуға деген қызығушылығын қолдауға мүмкіндік беретін тиімді оқыту әдісі болып саналады.
Мектеп адам болашағын ашудан басқа,өз алдына басқа да мақсаттар қоймауы тиіс. Балалық шақ пен жастық шақ ересек «өмірге» дайындық емес. Олар тұлғаның физикалық, психологиялық және рухани денсаулығын анықтайтын және қалыптастыратын дамудың ерекше, бағалы кезеңдерін ұсынады. Барлық педагогиканың барысын және ұйымның жұмысын бастаушы ұғымы болып «тұтастық», «барлық адамға, оның санасына, сезіміне, еркіне немесе, басқа сөзбен айтқанда оның басына,жүрегіне және қолына білім беру ниеті» саналады.
Дәстүрлі мәдениеттер бүлініп, қауымдар жоғалып және діни құндылықтар күмәнге душар болып жатқан біздің хаманда жас адамдар өз бойында сенім, ниет білдіру, шындыққа баға беру, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты қабілеттерді дамыту үшін жиі көмекке душар болады. Вальдорф мектептері ата – аналармен жұмыс істеуге сүйене отырып бұл құндылықтарды саналы түрде таратады. Штейнер мекбеі өзін – өзі дербес басқару оқу жұйесін ұсынады. Оқу процесінің барлық жауапкершілігін мұғалімдер ұжымы өз мойнаны алады. Мұндай мектепте директорлар жоқ, мектепті басқару – мектеп шаруашылығын бағдарлаушы әкімші мен мұғалімдер мен ата – аналар кіретін мектеп кеңесімен жүзеге асырылады. Осындай бірлестіктердің бірігіп жұмыс істеуінің басты мақсаты – оқушылардың игілігі үшін жұмыс жасайды. Мұндай ұжым – оқушылар игілігі үшін бірлестікте жұмыс істейтін қауым үлгісі ғана емес, және мектептің өркендеуіне мүдделі қабілетті, дарынды адамдарды жұмылдырудың тиімді тәсілі.
Вальдорфтық білім беру жүйесі балалық шақты құрметтеуге негізделген және «озық болмау» қағидаты бойынша жұмыс жасайды, яғни балаға өз темпінде дамуға мүмкіндік береді. Рудольф Штейнердің балаларды дамытуда өзіндік көзқарасы болды. Ол алғашқылардың бірі болып балалық шақ адам өмірінің ерекше бір кезеңі, сондықтан балалар мейілінше кішкентай болып қалуы тиіс деді, ал ата аналар мен тәрбиешілердің міндеті оларға ерте жастың барлық кереметтеріне қанықтыруға көмектесу болып табылады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет