Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша



бет34/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ko

Тұжырымының ерекшеліктері: оқыту дамудың алдында жүруі керек; дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері: дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға балама жүйе, оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы. (П.М.Эрдниев)
Мақсаты: Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі: өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; тура есептерді кері есептерге айналдыру; жүйелі де, тиянақты білім беру.
Әдістемесі: бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту; өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру; тұтас және қарама-қарсы ұғымдарды сәйкестендіру; амалдардың орындалу тәртібін реттеу.
Тәрбиелік мәні: мейірімділік, өзара көмек, ұйымшылдық, табысқа жетуге ұмтылу, толық дербестілік.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік; дамытушылық; әлеуметтендірушілік.
Тұжырымның ерекшеліктері: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.
Мазмұны: білімдік; танымдық; шығармашылық; репродуктивтік.
Әдістері: пәндік; сюжеттік; рөльдік; іскерлік; драмалық; еліктеушілік.
Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори).
Мақсаты: жан-жақты дамыту; дербестікке тәрбиелеу; бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Тұжырымының ерекшеліктері: оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады; Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету; баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады; жеке және әлеуметтік дамудың бірлігі; сезімде жоқ нәрсе ақылда болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет