Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Гуманистік тәрбие жүйесінің педагогикамен байланысы



бет3/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ko

2. Гуманистік тәрбие жүйесінің педагогикамен байланысы.
Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың нәтижелілігі көптеген факторларға байланысты. Шамасы, білім беру бағдарламаларын енгізумен қатар жүргізіп, “Баршаға арналған білім беру” халықаралық құжаты идеялогияларының төмендегідей пікірін назарға алу қажет болар:
- денсаулығы жақсы, жақсы тамақтанатын, қызығушылығы жоғары оқушылардың;
- жақсы даярланған оқутушылар мен оқыту әдістерінің;
- тиісті жабдықтар мен оқу материалдарының;
- оқытушылар мен оқушылардың біліміне және тәжірибесіне сүйене отырып, оқыту мен оқу жергілікті тілде іске асырылатын тиісті оқу бағдарламаларының;
- оқуға ықпал етіп қана қоймай, мейірбандылығымен, денсаулық сақтауды және қамқорлықты қамтамасыз етумен сипатталатын оқу ортасының болуына байланысты.
Сонымен, нәтижеге бағытталған білім беру мұғалім мен әдістемелік құрылымдардың ролін, педогогикалық кадрлардың біліктігін арттыру мен оларды қайта қарап, терең түсінуді талап етеді.
Мақсаты біртұтас тұлға қалыптасуын қамсыздандыру болған педагогикалық үдеріс мәнін түсінудің арқасында педагогикалық үдерісті тұтастай құбылыс ретінде ұйымдастыру қажеттілігі жөнінде мәселе көтеріледі. Біртұтастық – бұл ұйымдасуы жоғары деңгейлі, күрделі ішкі құрылымға ие нысандардың бірігімді, жалпыланған сипаттамасы.
Біртұтастық- педагогикалық үдерістің бірігімді сапасы, оның дамуының ең жоғары деңгейін көрсетіп, үдеріске араласқан субъекттердің саналы іс-әрекетінің нәтижесін білдіреді.
Педагогикалық үдерістің мәнді қасиеті болған біртұтастық жүйе құрастырушы екі жағдайаттың іске асуынан пайда болады:
1) педагогикалық үдерісте тәрбие, оқу-үйретім, даму міндеттерінің теңдей, бірігімді шешілуі;
2) педагогикалық үдерісте барша негізгі де іргелі және дамып барушы іс-әрекет түрлерінің өзара ықпалды байланысқа келуі, яғни оқу-үйретім, еңбек, дене шынықтыру бірлігі.
Біртұтас педагогикалық үдеріске тән заңдылық: оны құрайтын элементтердің іштей бірлігі, олардың бір-біріне болған өзара үйлесімді ықпалы. Бұл тұрғыдан біртұтас педагогикалық үдеріс тәрбиеленушілер өмірін бағыттаушы және өзгеріске келтіруші педагогикалық мақсаттар, мазмұн, әдістер және формалардың ұйымдасқан жиынтығын білдіреді.
Мазмұндық тұрғыдан педагогикалық үдерістің біртұтастығы тәрбие мақсаты мен мазмұнында ескерілетін адамзат топтаған тәжірибе және оның өзара байланысты келген төрт элементінің:
- білімдер, олармен бірге жүретін әрекеттерді орындау тәсілдері, ептіліктері мен дағдылары;
- шығармашылық іс-әрекеттер тәжірибесі;
- сапалық-құндылық тану тәжірибесі;
- қоршаған ортаға еріктік қатынас жасай білу тәжірибесі - бірлікті көрінісімен сипатталады. Тәрбие мазмұнының аталған негізгі бөліктерінің іске асуынан педагогикалық үдерістің тәлім жинақтау, дамытушылық, және тәрбиелік қызмет мақсаттарының бірлігі орындалады. Ұйымдастыру тұрғысынан педагогикалық үдеріс төменде аталған салыстырмалы дербес үдерістік бірліктердің тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өз мәніне ие болады; тәрбие мазмұны мен материалдық қорын меңгеру және құрастыру үдерісі, яғни дидактикалық бейімге келтіру, мазмұн түзу, материал, құралдарын құрастыру, іс-әрекет жобаларын жасау бағыттарындағы педагог қызметі;
- мақсатты игерілуі тиіс тәрбие мазмұнына орай педагог және тәрбиеленуші арасындағы іскерлік-әрекеттестік үдерістің орындалуы;
- педагог пен тәрбиеленушінің жеке бастары деңгейінде бейресми қатынас әрекеттестік үдерісінің жүрісі;
- тәрбиеленушінің өз бойында тәрбие мазмұнын педагогтың қатысынсыз (өзіндік білім меңгеру, өзіндік тәрбие) игеру үдерісіне деген ниеттің болуы.
Біртұтас құбылыс ретінде педагогикалық үдеріс жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылуы мүмкін, осыдан мұнда ең алдымен назарға алынатыны- педагогикалық жүйе. Тұлғаның тұтастай дамуына ықпалды нақты тәрбие мақсаты - төңірегінде ұжымдасқан сан алуан әрі көптеген өзара байланысты құрылым бірліктерінің басын қосқан педагогикалық жүйені құрау.
Біртұтас педагогикалық жүйе өз ішіне көп санды арнайы тәрбие міндеттерін көздеген қызметтік жүйешелерден түзіледі. Мұндай жүйешелер тізімінде еңбеккерлік, адамгершілік ұстаным, елжандылық сезім, эстетикалық талғам, ақыл-ес дамуы, т.с.с. бағдарлы мақсаты болған іс-әрекет түрлерін атауға болады.
Педагогикалық үдеріс жүйелілігі қажеттілік, бірізділік, бірігімділік, жалпы жүйе мен жекеленген жүйешелер әрекеттестігі принциптерінің іске қосылып, орындалуымен түзіледі. Осыған орай педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық шарты жөнінде мәселе көтеріледі. Мазмұндық тарапынан педагогикалық үдерістің жүйе құрастырушылық себебі ретінде оның көп деңгейлі құбылыс болып ескерілетін мақсаты алғы шепке шығады. Әдетте, педагогикалық жүйе өз ұйымдасуында тәрбие мақсатын көздеп, әрі сол мақсаттың іске асуы үшін қызмет етеді. Ал нақты тәрбие мақсаттары тәрбиелік әрекеттестік түрлері немесе жүйешелер қызметі арқасында іске асады.
Сондықтан, нақты мазмұндық жүйе құрастырушы жағдаят ретінде тәрбиенің жетекші бағытын айыра қарастыру қажет. Гуманистік педагогика үшін мұндай тәрбие бағыттары арасында рухани-тұтастық, адамгершіліктәрбиесін ерекше атаған орынды. Тәрбиелік іс-әрекеттің қай түрі болмасын, ол рухани, ізгіліктілік тәрбиесі төңірегінде топталып, тұлғаға әсер етуші өзара әрекеттестік пен әрекеттік ықпалдарды бір арнаға түсіреді.
Гуманизм (латын сөзі - адамгершілік) дүниетаным принципі. Оның негізіне адам мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Гуманизм XIV-XVI ғ.ғ. қоғамдық ой-пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды.
Гумандылық адамды құндылық ретінде екі қырынан қарастырады, бірінші қыры - әр индивидтің табиғи өмірінің және екінші қыры - әлеуметтік тұрғыдан қоғамда атқаратын қызметі мен оның тұлғалық сапасының дамуы.
Гумандылықжеке тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің бірлігі, адамды жоғары құндылық деп саналы қабылдауы мен сезіну қатынасын білдіреді.
Гумандылықтұлғаның сапасы ретінде өзгелермен және тұлғааралық қарым-қатынаста қалыптасады. Тұлғаның бұл сапасына рахымдылық, достық, адамға дер кезінде көмекке келу, адамға мейірімділік көрсету тәрізді қасиеттер жатады. Рефлексия - басқа адамның мұқтаждығы мен көңіл-күйін сезіне білу, оның орнына өзін қойып, оның басынан өткен жағдайды сезіне білу, ол қиналғанда демеу көрсету. Толеранттық - өзгенің ой-пікіріне, сенімі мен қылықтарына төзімділік таныту.
Гумандылықты тәрбиелеу түрлі іс-әрекеттер мен тұлғааралық қатынастарда іске асады. Оқушы өзгелердің жеке басындағы түрлі жағдайларға түсіністікпен қарап, жолдастарының көңіл-күйімен бөлісе білуі тиіс. Оқушының басқалардың басына келген жағдайларға қаталдық танытуы мен бейжай қалып көрсетуі тәрізді жағдайлар, үнемі мұғалімнің назарында болуы керек. Мұғалімнің гуманитарлық кәсіби мәдениеті оқушыларда гумандылық сапаны тәрбиелеумен бірге, оны үнемі оқушылармен қарым-қатынаста қолдана білуі шарт. Ұстаздың оқушыға гуманды қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалы өте жоғары болады. Сонымен қатар оқушылармен моральды-этикалық ағарту жұмыстарын да жүргізуі қажеттігін назардан тыс қалдыруға болмайды.
Гумандылық, яғни адамшылықты тәрбиелеудің басты жағдайлары ұжымдық оқу жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке оқушыларды үнемі қатыстыру, әсіресе, біріне-бірі қамқорлық, көмек көрсететін, әлсіздерді қорғайтын ситуацияларды жиі пайдалануды қарастыру керек. Тәрбие барысында жақсылық пен жамандық, абстрактілі және практикалық гуманизм, әлеуметтік әділеттілік пен әділетсіздік туралы пікірлер, оқушылардың адамдар қарым-қатынасындағы гуманистік принциптерді түсінуіне мүмкіндік береді. Гуманистік дүниетаным жалпыадамзаттық сипатқа ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет