Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Халықтық тәрбие және халықтық мектеп



бет6/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ko

2. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп. XVIII ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулужүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.
Кәсіби жұмысшыларды даярлау үшін кен-заводтық мектептер ашылды. Мұндай мектеп 1716 жылы алғаш Карелияда ашылды. Ол мектепке кедейленген дворян отбасыларының 20 шақты баласы алынып, оларға оқу-жазу, арифметика, геометрия, кен және артилерия ісін меңгертті.
1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды.
1707 жылы Мәскеудегі әскери госпиталь жанынан хирургия мектебі ашылды.
Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды.
1725 жылы Санкт-Петербургте Ғылымдар Академиясы құрылды. Оның жарғысы Петр I-нің тұсында жарияланды. Академия үшін Батыс Еуропа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. Петр I-нің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.
Петр I-ден кейінгі кезеңде таққа келген оның мұрагерлері, ата-бабасының бастаған істерін қолдағандай болды. Сөйтіп, Петр заманындағы оқу-ағартудағы белгілі жетістіктер біртіндеп өзгеріске түсіп, дворяндық тәрбиеге назар аударыла бастады.
Дворян иеліктеріндегі отбасында білім беру үшін шетелдерден мамандар шақырыла бастады. Дворян иеліктеріндегі отбасы тәрбиесіне түрлі жағдайлар ықпал етті: отбасының қаражаты, қоғамдағы әлеуметтік орны. Үй иесінің негізгі іс-әрекетіне қарай бала тәрбиелейтін гувернерлер мен мұғалімдерді жалдау қажет саналды.
Дворяндардың балалары 7 жасқа толғанда Петербургке әкелініп, бірінші байқаудан өткізіліп, арнайы тіркеуден өтуі керек болса, ал Мәскеу мен губерниялық қалаларда губернаторларда тіркелу керек болды. Екінші байқау 5 жылдан кейін өткізілді. Ол кездегі жеткіншек («недоросль») өз оқу дағдысын жақсы меңгеріп, есеп шығара білуі тиісті болды.
Оқудың келесі сатысы үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғасуы қажет еді. Онда олар арифметика мен геометрияны, Құдай заңын оқыды. Сөйтіп, дворяндық тәрбие (7-16 жас ) дворяндықиеліктердегі үйде жүзеге асырылды. 16 жасқа толғаннан кейін оның білімін сенат тексерді. Дворян баласы оқуын онан соң үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғастырып, жағрафия мен тарихты, фортифкацияны меңгеруі тиісті еді.
Инженерлік, артиллериялық, гарнизондық мектептердің оқушылары Петербургтегі Әскери коллегия мүшелерінің немесе гарнизондар мен қала губернаторы, коменданты, «ғылым адамдары» алдында емтихан тапсырды.
Дворян балаларынаболашақ офицерге керекті білім беретін арнаулы әскери оқу орындары – кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Қазан төңкерісіне дейін сақталды.
1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Кадет корпустарының кітапханасы, театры болды және журнал басып шығарып тұрды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы. Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы, әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған біртуар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тарихшы, жағрафияны жетік білген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.
Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты. Ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылып, ол 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.
Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі – крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.
Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.
Мәскеу университетінің жанында Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.
Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.
Мәскеу университеті қиындықтарға қарамастан өз қызметінің аясын кеңейте бастады. Онда әдеби және ғылыми бірлестіктер құрылды. Сонымен бірге “Баспаханалық бірлестік” те бой көтеріп, баспадан кітаптар шығарып, оны сататын дүкендер ашты.
60-жылдары М.В.Ломоносов Санкт-Петербугтегі академиялық гимназия мен университетті басқарды. Ол жалпы жұмыс жоспары, оқу жоспары, ондағы жұмыс тәртібі жайлы “Академиялық гимназия регламентін” жасады. Ломоносов алғаш рет Санкт-Петербург университетінде дәрісті орыс тілінде оқыды, бұрынғы ғылым тілі Еуропа мен Ресейде латын тілі еді.
М.В.Ломоносовтың ағартушылық қызметінің бірі – орыс тілінде қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазуы. Мәселен, оның “Риторика” (1748) және “Орыс тілінің грамматикасы” (1758) жарты ғасыр бойындағы ең жақсы оқулық болып саналды. Тарихқа байланысты кітаппен бірге “Кен ғылымын алғашқы негіздеу” кітабын жазды. “Студенттерге арналған физика кітабын” латын тілінен орыс тіліне аударды.
М.В.Ломоносовтың ең ірі педагогикалық жетістігі – чех педагогы Ян Амос Коменскийдің “Суретті әлем” деген шығармасын мейілінше насихаттап, гимназия оқулығы ретінде пайдалануға ұсынуы.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық жетістігінің екінші бір қыры – Ресейде ең алғаш рет академия мен университеттерге сыныптық-сабақ жүйесін енгізуі, кейіннен сол үлгі бойынша, кадет корпустарына да сыныптық-сабақ жүйесі енгізілді.
М.В.Ломоносовтың біліктілігі мен парасаты оның жасаған бағдарламалары мен ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.
Сондай-ақ, І-Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701) .математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715); цифирлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика).
Арнайы оқу орындары: таукен – заводтық мектебі, инженерлік мектеп; артиллериялық мектеп; қарапайым бұқара халық үшін халық училищелер жүйесі; кіші- 2 курстық, негізгі-4 курстық; Петербургтік басты халық училищесі – мұғалімдік семинария және жабық сословиелік оқу орындары (шетелдік пансиондар, теңіздік кадеттік корпус (1752), артиллериялық дворяндық корпус, бастауыш архиерей мектептері, рухани семинарлар мен рухани академия, Смольныйдағы ізгілікті қыздар институты) және ғалымдар Академиясы (1725), Мәскеудегі университет (1755) т.б.бүкіл білім беру жүйесінің негізгі белгісі – анық көрініп тұратын сословиелік болды.
Александр Николаевич Радищев (1749-1802) – ХVIII ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Ол крепостнойлық тәртіптің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шыққан орыс дворяндарының бірі еді.
А.Н.Радищев табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың философиялық материализмінің алдыңғы қатарлы идеяларын жақтады.
А.Н.Радищев тәрбиенің негізгі міндеті азаматтық санасы және жоғары моральдық қасиеттері бар, мейлінше Отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп санады. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санауға болады дегенді айтты. Бұл пікір оның “Отанының шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде көрініс тапты.
Оның “Петербургтен Мәскеуге саяхат” атты негізгі шығармасында шаруа балаларының помещиктің қанауынан тартып отырған азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық тәртіптің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына үкімет тарапынан қамқорлықтың жоқтығын сынады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуы мемлекеттің міндеті деп атап көрсетті, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтан Отанының азаматын, шын мәніндегі патриотты тәрбиелеу қажет деп санады.
Отбасы тәрбиесіне байланысты балаларды қатаң тәртіппен бағындыруға болмайды, отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ғана ісі емес, ол қоғамдық мәселе деп көрсетті.
Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.
Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет