Мухаммед бен Муса ал-Хорезми Майя тайпасында көз түріндегі суреттер 0 санын білдіреді. Майя тайпасындағы сандар: Ежелгі Египеттегі және Вавилондағы, Римдегі сандар мен цифрлардың белгіленуі: Хорезмнің «Китаб ал-Джебр»



Дата20.10.2023
өлшемі1,59 Mb.
#119787
Байланысты:
1636500449 omar hajjam


Шамамен б.з.д. 850 жылы араб оқымыстысы, математик Мухаммед бен Муса ал-Хорезм (Аму-Дарья өзенінің бойындағы Хорезм қаласынан) теңдеулердің көмегімен арифметикалық амалдарды шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап "Китаб ал-Джебр Уа мукабала» деп аталды. Осы кітаптың атауы алгебра ғылымына негіз болды. Ол арабша الجبر‎‎, «аль-джабр» — теңестіру, орнын толтыру деген мағына береді. Сонымен қатар, біз Мухаммеду бен Муса ал-Хорезмге "алгоритм" терминінің шығуына да үлес қосқанын білеміз.
Мухаммед бен Муса
ал-Хорезми
Майя тайпасында көз түріндегі суреттер 0 санын білдіреді. Майя тайпасындағы сандар:
Ежелгі Египеттегі және Вавилондағы, Римдегі сандар мен цифрлардың белгіленуі:

Хорезмнің «Китаб ал-Джебр» кітабының беті

Алгебра

  • Алгебра (араб.: الجبر‎ әл-джәбр) — математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл-джәбр уә-л-муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар һайям (1038/1048 — 1123/1124) 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің “Алгебрасын” жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде Алгебра одан әрі дамыды.

Омар Хайям


Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап.

Цифр


Ци́фр (от араб. صفر‎‎ (ṣifr) « бос, ештеңе ноль») деген мағына береді. Қазіргі кезде бірлік сандар цифрлар деп аталады, яғни 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0. Ал енді цифрлардан құралатын белгілеулер сандар деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет