Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5 Картографиялық деректердің өлкетанулық зерттеулердегі маңызы



Pdf көрінісі
бет21/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§5 Картографиялық деректердің өлкетанулық зерттеулердегі маңызы. 
§5.1 Карталардың түрлері мен маңызы. 
«Карта» термині орта ғасырдың қайта өркендеу дәуірінде пайда болды. 
Бұл термин латын сөзінің “Charta” (бет, типарақ) ұғымынан шыққан. Ол өз 
кезінде гректің ÷áñâî (хартес – папирустан жасалған қағаз) сөзінен шыққан 
туынды сөз. 
Карта (map, chart) – жер бетінің т.б. аспан денелерінің немесе ғарыштық 
кеңістіктің 
математикалық 
амалмен 
анықталып 
кішірейтіліп 
генерализацияланған бейнесі.
Масштабына қарай ірі масштабты (1:100 000 және одан да ірі), орта 
масштабты (1:200 000-1:1000 000) және ұсақ масштабты (1:1000 000 және одан 
да ұсақ) карталарға ажыратылады. 
Жер және оның бетіндегі құрлықтар мен төмендегідей карталар 
жіктеліміне таралады: 
- әкімшілік-аумақтық бөлініске; 
- табиғат аудандарына; 
- экономикалық аймақтарға
- табиғи-тарихи облыстарға. 
Мазмұнына қарай карталар келесі топтарға бөлінеді: жалпыгеографиялық 
карталар; тақырыптық карталар, оның ішінде табиғат карталарына, әлеуметтік-
экономикалық карталарға, табиғат және қоғам арасындағы өзара қарым-
қатынас, сонымен бірге арнайы карталарға ажыратылады. Бұл карталардың 
барлығы аналитикалық, кешенді және синтетикалық болуы мүмкін. 
Картография (cartography) – ғылым, техника және өндіріс салаларын 
зерттеуде картаны, картографиялық өнімдерді пайдаланатын ғылым, техника 
және өндіріс салаларын қамтитын аймақ. Ал осы картографиялық деректердің 
өлкенің тарихын зерттеуге қандай қатысы бар десек, оның тарихи оқиғаларды, 
құбылыстарды сипаттайтын тарихи карталардан да құралатындығында. Себебі 
тарихи оқиға қай жерде, қалай болғандығын анықтауда картаның маңызы зор. 
Кез-келген тарихи оқиға белгілі бір кеңістікте жүзеге асатындықтан тарихи 
картасыз біз оқиға, көтерілістің қай облыстың қай жағында болғанын біле 
алмаймыз. Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға 
немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі шартты көрінісін 
танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масштабқа 
түсіріледі. Карталарды тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың 


54 
байланыстары мен орналасуы шартты түрде бөлінеді. Ең ежелгі карталар б.з.д. 
ІІІ-І мыңжылдықтарда Вавилон мен Египетте жасалса, арнайы оқу карталары 
Ресейде XVIII ғасырдың соңында дүниеге келді. 
Тарихи және географиялық карталардың бір-бірінен айырмашылықтары 
бар. Географиялық карталардағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына 
береді. Тарихи карталардың тағы бір ерекшелігі – онда оқиғалар мен 
үрдістердің қозғалысы ашылады. Географиялық картада тұрақты болып 
көрінген нысандар тарихи картадан өзгермелі сипат алады, мысалы, 
мемлекеттердің қалыптасуы мен олардың аумағының өзгеруі, әскердің, сауда 
керуендерінің қозғалыстары. Картада тарихи қозғалыстар мынадай шартты 
белгілер тілінде сөйлейді: әскери соққы – жебе, шайқас алаңы – айқасқан 
қылыш, көтеріліс ошақтары – алау. 
Тарихи карталар аумақтарды қамтуы (әлемнің, құрылықтың, мемлекеттің, 
жергілікті жердің картасы); мазмұны (жинақтаушы және тақырыптық); 
масштабы (ірі, орта, ұсақ масштабты) бойынша ерекшеленеді. Жинақтаушы 
картада мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде 
қарастырылған негізгі оқиғалар мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт 
шеңберінде бейнеленеді. Мәселен, «Орта ғасырлардағы Қазақстан». 
Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан әрі нақтыландыра 
түседі. Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан, ол 
карталар тақырыптық деп аталады. Ол карталарда тақырыпқа қатысы жоқ 
белгілер бейнеленбейді. Оларда жинақтаушы карталардың маңызды оқиғалары 
мен құбылыстарының фрагменттері бойынша егжей-тегжейлі айқын және 
әсерлі етіп беріледі. Жоғарыда аталған жинақтаушы картаның мазмұнын аша 
түсетін тақырыптық карталар: «Ерте ортағасырлық мемлекет – «Түрік 
қағандығы (552-603 ж.ж.)», «Батыс Түрік (603-704 ж.ж.)», «Түркеш (704-756 
ж.ж.)» және т.б. Әдетте, тақырыптық карталар жинақтаушы карталардың 
аясында қолданылып, бірін бірі толықтырып отырады.
Археологиялық карталардың да тарихи үрдісті түсіндіру үшін 
маңыздылығы зор. Бұлар ежелгі және орта ғасырлардағы адамдардан қалған 
қорымдарды, 
молаларды, 
қоныс-мекендерді, 
қалаларды 
және 
т.б. 
археологиялық ескерткіштерді хронологиялық шеңберлерін сақтап, орналасу 
кеңістігін ескеріп, археологиялық карталарға арнайы шартты белгілермен 
түсіреді. Археологиялық карталар екі мақсатта қолданылады: біріншісі - 
ғылыми (белгілі бір аймақтың археологиялық ескерткіштерінің қаншалықты 
зерттелгендігін анықтау үшін); екіншісі – оқу үрдісінде (археологиялық 
ескерткіштерді оқушыларға көрсету, таныту үшін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет