Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§7.3 Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты



Pdf көрінісі
бет28/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§7.3 Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты 1994 жылы мемлекет 
басшысының Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы 
мұрағатының негізінде құрылды. 
Бүгінгі күнде Мұрағат Қазақстан Республикасы Президентінің, оның 
Әкімшілігінің және мемлекет басшысына тікелей бағынатын басқа да 
мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз ету 
саласында 
негізгі 
міндеттерді 
атқаратын, 
заманауи 
техникалармен 
жабдықталған кешен болып табылады. 
Мұрағат 1974 жылы тұрпатты жоба бойынша салынған ғимаратта 
орналасқан, 8 мұрағат қоймалары мен қызметтік жайлары бар. 
2014 жылы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 1123 мұрағаттық қорларында 
1918-2008 жылдар аралығын қамтитын 753 мыңнан астам сақтау бірлік есепке 
алынған. 
Мемлекеттік органдардың мұрағаттық қорлары 1996 жылды қоса 
алғандағы уақыттан бері қоғамдық пайдалану мүмкіндігіне ие. 
«Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы 
Сыртқы істер Министрлігі», «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі есеп комитеті», «Республикалық ұланы», «Қазақстан Республикасы 
Президентінің 
Іс 
Басқармасы», 
«Қазақстан 
Республикасы, 
Қырғыз 
Республикасы, Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңес және оның 
атқару комитеті», «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» және т.б. мұрағат 
қорларында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуын, сыртқы және ішкі саясаттың 
жан-жақты аспектілері мәселелерін, халықаралық қатынастарды, экономиканың 
қайта құрылуының маңызды үрдістерін, еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуын 
көрсететін бірегей ақпараттар топтастырылған. Сонымен қатар, Мұрағатта 
Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің түпнұсқалары, сондай-ақ оның 
халықаралық 
конгресстерде, 
форумдарда, 
кездесулерде 
жасаған 
баяндамаларының мәтіндері сақталуда. 
Мемлекеттік органдардың құжаттары «Нұр Отан» партиясы, Социалистік 
партиясы, Қазақстан халық бірлік партиясы, Қазақстанның ерікті тарихи-ағарту 
қоғамы «Әділет», Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстанның іскер 
әйелдер қауымдастығы сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың 
құжаттарымен толықтырылып тұрады. 
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстан Лениншіл 
Комсомол Жастар Одағы Орталық Комитетінің және оларға дейінгі жетекші 
органдарының қорларында социалистік кезеңдегі республиканың қоғамдық-
саяи және әлеуметтік-экономикалық өмірін жан-жақты бейнелейтін бірегей 
ақпараттар топтастырылған. Қазақ АКСР-нің құрылуы, тоталитарлық режим 
кезеңіндегі күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргінге ұшырату, өлкені 


63 
индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды Қазақстанға жер 
аудару тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және 
тыңайған жерлерді игеру, республиканың экономикалық дамуы туралы 
құжаттар айрықша қызығушылық тудырады. 
1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинақтауды бастады. 
Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің 
құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 72 жеке қор алынған, яғни 8 мың сақтау 
бірлігі. Оның ішінде С.С. Жиенбаев, Ш.Ж. Жәнібеков, М. Бейсебаев, М.Т. 
Оспанов, Ә.Т. Әлімжанов, М.Қ. Қозыбаев, Г.К. Бельгер, С.Қ. Құбашев, А.П. 
Рыбников, М.А. Жихарев, О. Батырбеков, З.С. Омарова, А.А. Алыбаев, М.И. 
Есеналиев, М.М. Ахметова, А.А. Асқаров, З.Л. Федотова тағы да басқа көрнекті 
мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. 
Ұлттық мұрағат қорының ақпаратты құнды құжаттармен толықтырылуына 
ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көзі болып табылатын мекемелердің саны 
1994 жылы 9 болса, 2013 жылы 36-ға дейін өсті, ал жеке текте қор құжаттары 
110 қор жасаушыға толықты. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихы жөнінде жан-жақты ақпаратты 
қамтитын 185 мыңнан астам карточкасы бар каталог жүйесі зерттеушілердің 
пайдалануына 
ұсынылған. 
Мұрағат 
жұмысы 
барысында 
16 
автоматтандырылған 
есеп 
және 
ақпаратты-іздеу 
деректер 
базалары 
құрастырылып енгізілді. «Мемлекеттік органның электрондық мұрағаты» 
жүйесі және «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының 
бірыңғай мемлекеттік жүйесі» енгізілді. 
Мұрағат 2006 жылдан бастап толықтыру көздері – мекемелердің іс жүргізу 
және мұрағат құзметтерінің басқару аппараты қызметкерлеріне арналған жеке 
ақпараттық-әдістемелік бюллетеннің 16 санын басып шығарды. Мұрағаттың 
жеке веб-сайты бар: (www.aprk.kz). 
Мұрағаттың Астана қаласында өз филиалы бар. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Қазақстанның саяси 
тарихы жөніндегі құжаттарының аса үлкен қоймасы ғана емес, сонымен қатар 
мемлекеттік мұрағаттар мен ғылыми мекемелер арасында, тарихи білім және 
музейлер өткенді шолатын құжаттық ақпараттардың маңызды орталығы 
ретінде елеулі орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет