Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет30/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
§8 Ауызша халық шығармашылығының туған өлке тарихын оқып-
білудегі рөлі. 
§8.1 Туған өлке тарихын оқып-білудегі ауыз әдебиеті нұсқаларының 
маңызы, оны жинақтау мен жүйелеу әдіс-тәсілдері. 
Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрлі тарихи дерек көздері арасында қазақ 
халқының өткен өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын 
құрайды. Тарихымызды қамтитын хронологиялық шеңберінің кеңдігі, беретін 
мәліметтерінің молдығы, көлемінің көптігі жағынан фольклор басқа дерек 
көздері арасында ерекше орын алады. Фольклор ағылшынша „folk-lore” - халық 
даналығы, халық білімі дегенді білдіреді. Фольклор адам тіршілігімен тікелей 
байланысты. Сондықтан ол адам өмірінің барлық жақтарын бейнелейді, 
шаруашылығынан, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан толық мәлімет 
береді, халық тарихымыздағы маңызды оқиғаларды қамтып, солардың негізінде 
жаңа шығармалар туындап, тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді. Демек, 
фольклор халық өмірінің айнасы, оның ажырамас серігі. Сондықтан тарих пен 
ауыз әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы. 
Ауызша халық туындыларын жинақтау әдіс-тәсілдері: 
- фольклорист-жинақтаушы үшін ең маңызды ережелердің бірі – зерттегелі 
отырылған аймақта халық туындыларын орындайтын қандай дарынды адамдар 
бар екендігін анықтау; 


67 
- халық туындыларын орындаушылардың уақыты мен физикалық 
мүмкіндіктерін ескеру; 
- фольклорды орындалып жатқан кезде ғана жазу. Қағазға немесе таспаға 
түсіру барысында орындаушыны үзуге, яғни оның шығармашылық шабытына 
кедергі келтіруге болмайды. 
Туған өлке тарихын зерттеуде ауызша халық туындыларын дерек көзі 
ретінде пайдалану әдіс-тәсілдері: 
- зерттеушілер ең алдымен халық шығармашылықтарының түрлік 
ерекшеліктерін, олардың пайда болуының алғышарттарын, сипатын т.б., тек 
сол жанрға ғана тән қасиеттерін жете білулері керек. Бұл біріншіден, 
зерттеушіге өз жұмысын тиімді ұйымдастырып, деректер арасынан дұрыс жол 
табу мақсатында фольклорлық туындыларды сыныптауға көмектессе, 
екіншіден, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектеседі
- фольклорлық туындыларды қолдану үшін зерттеуші шындықты қиялдан 
ажырата алуы керек, фольклорлық жадығаттарда хабарланатын фактілерді 
мүмкіндігінше тексеріп, оларды мұрағаттық және әдебиеттік деректермен 
салыстыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет