Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§8.2 Фольклордың түрлік ерекшеліктері: шежіре, аңыз-әңгімелер



Pdf көрінісі
бет31/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§8.2 Фольклордың түрлік ерекшеліктері: шежіре, аңыз-әңгімелер, 
айтыс, жыр-дастандар. 
Ауыз әдебиеті туындыларының мыңдаған жылдарға созылған пайда болу, 
қалыптасу және даму процесінің барысында уақыт ерекшеліктері мен қоғамдық 
өзгерістерге байланысты, әр алуан түрлері мен жанрлары дүниеге келді. Олар 
негізінен: ертегі, миф, аңыз-әңгіме, әпсана, батырлар жыры, тарихи жырлар
толғау, арнау, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, 
шежіре және т.б. Олардың бәрінде де халық өмірінің көрінісі белгілі бір 
дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, 
қай қырынан бейнелейтіндігінде. 
Халық өмірінен мол мағлұмат беретін фольклорлық мұраның бірі – 
шежіре. Шежірелер әр ұлттың өткен өмірі, саяси-әлеуметтік жағдайы, салт-
дәстүрі, тыныс-тіршілігі туралы сыр шертеді. Бұл жазу-сызуы болмаған 
халықтың жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келген, 
әлі ғылыми жүйеге түспеген рухани қазына.
Қазіргі таңда ел ауызынан жинақталып қағаз бетіне түсірілген шежірелер 
көп. Мәселен, Мұхамеджан Тынышпайұлының «Қазақ руларының шежіресі» 
(Ташкент, 1925), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар 
шежіресі» (А., 1991), белгілі ғалым профессор С.Е. Толыбековтың «Қазақ 
шежіресі» (А.: «Қазақстан» баспасы, 1992), Хамит Мадановтың «Кіші жүз 
шежіресі» (А.: «Атамұра» баспасы, 1993) және т.б.
Аңыз-әңгімелер – фольклордың ең көне жанры, көркемдігі біршама 
дамыған қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және кейде бір 
шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын ауызекі әңгімелер. Мәселен, 
Еділ-Жайық ертегесі, Байұлы аңыздары, Нарын әпсаналары, Алтын Орда мен 
Ноғайлы дәуірінің жырлары, Еділ бойына кіндік қаны тамған дала абызы – 


68 
Асан қайғы ғақлиялары сияқты еліміздің батыс өңірінде өткен тарихи 
оқиғалардың, алмағайып кезеңдердің сөзбен зерделенген ескерткіштері. 
Қазақ елінде ертеден қалыптасқан жыр жарысының түрі айтыс деп 
аталады. Айтысқа табан астында суырып салып айта алатын нағыз ақындар, 
көркемсөз шеберлері қатысады. Онда өткір әлеуметтік, қоғамдық мәселелер 
көтеріледі, өмірдегі келеңсіз құбылыстар, жетістік-кемшіліктер ашық 
айтылады. Мәселен, «Манат қыз бен молда Мұса», «Күрдері Қожа мен 
Ұлбикенің айтысы», «Аю ақын мен Соқыр ақынның айтысқаны», «Жүсіпбек 
қожа мен Шөкей қыз» атты айтыстары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет