Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет63/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
 
§3 Ғылыми еңбектердің өлкетану жұмыстарына пайдаланылуы. Орта 
ғасыр авторларының еңбектері және өлкетану жұмыстарындағы рөлі. 
§3.1 Рашид-ад-Дин жылнамалары жинағы. 
Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами
,
ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы», 
1310-1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі XII-XIII ғасырлардағы 
монғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі мейлінше 
елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізгі ресми 
монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи 
шығармалары, оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың жадығаттары 
алынған. Әдет-ғұрыптар, діни нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және 
монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар 
жинағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан 
монғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы, тарихи 
географиясы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда-Ежен ұлысының тарихы, 
оның ұрпақтарының генеалогиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген. 
Рашид ад-Диннің мәліметтері бұл тақырыпты кейінгі уақыт үшін дамытқан 
көптеген авторларға негіз болды.
§3.2 Әбілғазы және оның «Шаджа-ра-ат-түрік» атты еңбегі. 
Екі тарихи шығарма: «Шаджара-йи тюрк» («Түріктердің генеалогиясы») 
пен «Шаджара-йи таракима» («Түрікмен шежіресі») белгілі хан Әбілғазының 
(1603-1664 жж.) қаламынан шыққан. Әбілғазы Үргеніште туған. Өзара 
қырқысқан күрестің салдарынан Бұхараға қашып барған. Содан соң Хорезмге 
қайтып оралып, Үргенішті үлеске алған. 1627 жылы өзбектер (Әбілғазы 
бастаған) мен түрікмендер (оның бауыры Исфендияр бастаған) арасындағы 
саяси бақталастық салдарынан Хорезмнен кетуге мәжбүр болып, қазақтарға 
қашып барды, онда оны Түркістанда Есім хан қабылдады. Содан соң екі жыл 
бойы Ташкент ханы Тұрсынның жанында болды. 1643 жылы Арал өзбектері 
Әбілғазыны өздерінің ханы деп жариялады. 
«Түріктердің геналогиясында» Орталық Азия аймағының көптеген 
өңірлерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы, этнографиясы мен тарихи 
географиясы туралы едәуір ақпарат бар. Көшпелі өзбектер мемлекетінің 


150 
тарихы, Қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт (Ноғай) Ордасындағы 
Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер назар аударуға лайық. Моғол 
ұлыстарының тарихы жөнінде, Көшім хандығы, тоғыз заттан тұратын сый 
тарту ғұрпы және оның мәні т.б. туралы құнды анықтамалық жадығат бар. 
Басқа бір шығарма – «Түрікмен шежіресі» маңызды тарихи деректеме ғана 
емес, сонымен қатар көпшілігі орта ғасырлар дәуіріндегі түрік дүниесіне тән 
көптеген халық әңгімелері, аңыздары, этнонимдердің халықтық этимологиясы, 
әдет-ғұрыптар, мақалдар мен мәтелдер шеберлікпен баяндалатын елеулі әдеби 
ескерткіш болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет