Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§7.2 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты



Pdf көрінісі
бет27/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§7.2 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты. 
1981 жылы Алматы қаласының дербес әкімшілік орталық ретінде дамуы 
және мемлекеттік есепке алу мен сақтауға алынатын қала мекемелері, 
ұйымдары және кәсіпорындардағы құжат айналымның қарқынды өсуі – 
Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатын салу қажеттілігін туындатты. 
1981 жылдың 9 желтоқсанында ҚазКСР-ның Министрлер Кеңесінің 1981 
жылдың 2 желтоқсанындағы № 442-р қаулысына сәйкес және ҚазКСР-ның Бас 
мұрағат басқармасының 1981 жылдың 3 желтоқсанындағы № 95 бұйрығына 
сәйкес, Алматы қаласында Халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетіне 
және ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасына 
тікелей бағынышты, штат саны 18 адамнан тұратын қалалық Орталық 
мемлекеттік мұрағатын құруға ұсыныс жасалды. 1982 жылдың 29 қаңтарында 


61 
қалалық атқару комитетінің № 3/51 шешімімен Алматы қалалық Орталық 
мемлекеттік мұрағаты құрылды. 
Мұрағат құрамы мынадай: басшылық, ведомстволық мұрағаттар мен іс 
жүргізуді бақылау тобы, құжаттар сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету 
тобы, ғылыми-анықтамалық аппарат және пайдалану тобы, анықтамалық үстел, 
бухгалтерия. 1999 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметі бойынша: мұрағат 279 қор, 
177862 сақтау бірлігінен тұрды. 2002 жылдың 11 наурызынан Алматы қалалық 
мұрағаттар басқармасы ҚР Мәдениет Министрлігінің мұрағат және құжаттама 
Комитетіне бағынса, қазіргі таңда ҚР байланыс және ақпарат Министрлігінің 
Алматы қалалық тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасына бағынышты. 
Мұрағатта тұрақты ұйымдастырушылық жұмыс істеу нысандары мен 
әдістері қалыптасқан. Тәуелсіздік жылдарының өзінде, атап айтсақ, 1991-2011 
жылдар аралығында Алматы мұрағаттық қоры 3 есеге артқан және 301028 
сақтау бірлігін, 481 қор, аудандық мұрағаттарда – 438923 сақтау бірлігін, 702 
қорды құраған. Жалпы сақтау бірліктері саны – 739951, қорлар саны – 1183. 
Олардың құрамы мен мазмұнын қалыптастыру мен жақсарту жұмыстары 
үздіксіз жалғасып отыр. 
Айта кететін маңызды жәйт – соңғы кезде Қазақстанның белгілі 
қайраткерлерінің жеке қорларынан келіп түскен құжаттардың және өз 
құжаттарын өткізгісі келгендер саны артқан. 2011 жылғы мәлімет бойынша 
тұрақты сақтауда 88 жеке қор бар. Соңғы кездері мұрағат мұрағаттық 
құжаттарды уақытылы анықтап, оларды жариялап, құжат жинақтары мен 
анықтамалық басылымдарды даярлап, ынталы қызмет көрсетуде. 1988 жылдан 
2011 жылға дейін мұрағатта мұрағат қызметінің кезендік «Хабаршысынан» 
және мұрағат сайтына арналған электронды басылымдардан тұратын 38 
басылым дайындаған. Осы кезеңде қаланың мұрағат ісін дамытуға бағытталған 
40-тан астам әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, енгізілген. Көрме қызметінің де 
қарқыны жоғары. Бір жылда мұрағатта оннан астам экспозиция өткізілген. 
Мұрағат құжаттарын жариялау мақсатында мамандар 40-тан астам мақала 
кезеңдік басылымдарда басып, радио және телехабарлар ұйымдастырған. 
Құжаттарды пайдалану аясында түбегейлі өзгерістер орын алған. «Адресат-
мұрағат» өтінімдерінің өту үрдісі интернет-пайдаланушылар арқасында 
жылдамдатылған.
Мұрағатта Алматы қаласы мұрағат қорының сапалы құрамы мен 
ақпараттылығын түбегейлі жақсартудағы шараларды жүзеге асыру барысында 
Алматы қаласы мен Жетісу өлкесінің тарихына байланысты құжаттар мен 
жадығаттарды шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінің көшіріп алуға аса 
зор назар аударылған. ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің Тарих және 
Этнология Институтының ғалымдарының кеңесі мен ҚР Ғылым және Білім 
Министрлігінің Шығыстану Институтымен іскерлік ынтымақтастық өз 
нәтижелерін берген. Ресей, Қытай, Франция, Түркия, Ұлыбритания сияқты 
мемлекеттердің мұрағаттық мекемелері мен кітапханаларына экспедициялар 
ұйымдастырылған. Нәтижесінде Қазақстан мұрағаттарында кездеспейтін, 
бірегей құжаттардың көшірмесінен құралған 600 сақтау бірлігі мұрағатқа келіп 


62 
түскен. Мұрағат қазіргі таңда зерттеу жүргізуге көмектесу, ақпарат беру, кеңес 
беру сынды қызмет түрлерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет