Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет38/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

1. Музей кеңесінің төрағасы немесе төрайымы. Ол жетекші-мұғалім 
басшылығымен кеңес мүшелерінің барлық жұмыстарын ұйымдастырады. 
Музей мүшелерінің жадығаттарды жинақтау, экспозиция құру, кезекшілік 
атқару және саяхат өткізу график-жоспарларын жасақтайды; 
2 Музей кеңесінің хатшысы. Кеңес отырыстарының хаттамаларын 
жүргізеді, саяхаттармен, жорықтармен, экспозиция құрумен байланысты 
барлық құжаттардың сақталуына жауапты; 
3 Музей кеңесінің мүшелері. Кеңес мүшелері жадығаттарды жинақтауға, 
қажетті құрал-жабдықтарды даярлауға, экспозиция құруға, экспозицияларды 
көркемдеп безендіруге, саяхат жүргізуге жауапты. 
Мектептік музейдің құрылғандығы жөнінде кеңес жақын облыстық немесе 
аудандық өлкетану музейін хабардар етуі керек. Олар музейге ғылыми-
әдістемелік кеңес беруге, экспонаттарды анықтауға, музей бұйымдарын есепке 
алуға және экспозиция құруға көмек беруге міндетті. Өз кезегінде мектептік 
музей өлкетану музейлеріне өзінің негізгі қорларының құрамы туралы 
мәліметтер беру тиіс. Мұндай мәліметтер төмендегідей формадан тұрады: 1) 
реттік нөмірі; 2) музей бұйымдарының инвентарлық нөмірі; 3) музей затының 
атауы; 4) тапқан жері; 5) кім заттай немесе жазба деректі тауып, музейге 
әкелгендігі туралы. 
Кеңестің негізгі міндеті – кеңеспен бірге қажетті жұмыстарды атқаратын 
оқушылардың үнемі белсенділігін арттыру: ескерткіштерді жинақтау, 
коллекцияларды сақтау, оларды зерттеу, экспозиция құру, саяхат өткізу
музейде кезекшілік атқару. 
Музейді құру мақсатын ұстанған кез-келген ұжым алдында тұратын 
міндет, бұл – қор құру. Негізгі қорды музейдің профиліне сәйкес өлке тарихы 
мен табиғаты туралы түпдеректерімен қамтамасыз ететін түпнұсқа – 
ескерткіштер құрайды. Мысалы, егер музей профилі – мектеп тарихы болса, 
онда түпнұсқалар болып мектеп тарихын зерттеуге мүмкіндік беретін түпнұсқа-
ескерткіштер табылады. Осы қор құрамына қарап музейдің саяси, ғылыми және 
көркемдік құндылықтарына баға беруге болады. Негізгі қордың құрамына 
заттай ескерткіштер, жазба деректер, көркемдік деректі жадығаттар, өнер 
туындылары кіреді. Олар арнайы есептен, топтастырудан, зерттеуден және 
сипаттаудан өтеді. 
Қор мен профиль бір-біріне сәйкестендіріліп құрылады. Мысалы, жас 
техниктер үйірмесі. Үйірме мүшелері мектептік музейдің экспозициясы үшін 


92 
жергілікті кәсіпорындар шығаратын құралдар мен механизмдер модельдерін 
дайындайды. Алайда бұлар өлке өнеркәсібінің тарихын зерттеу тұрғысынан 
түпдеректер болып табылмайды. Олар ғылыми-қосалқы қорға жатады. Бірақ 
мектептік музей профилі мектеп тарихының бір құрамдас бөлігі болғандықтан, 
бұл модельдер – мектептегі техникалық шығармашылықтың дамуына дәлел 
ретінде маңызды үлгі болып табылады және олар бұл тақырыпты зерттеуде 
оқушылар үшін түпдеректер болып табылады. Осыны негізге ала отырып 
модельдерді негізгі қорға жатқызуға болады.
Оларды іріктеп жинақтау. Мектептік музейді құру міндеті қойылған 
кезден бастап, оның болашақ профилі анықталады, содан соң профильге сәйкес 
жадығаттарды жинақтау басталады. Негізгі қордың түпнұсқа-ескерткіштерін 
іріктеп-жинақтау ұзақ үрдіс болып табылады. Ол үшін алдын-ала жадығаттарды 
жинақтау әдістері анықталып, зерттеу үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс. 
Қазіргі кезде музей қорлары белгілі бір тарихи құбылыстардан өз көрінісін 
табатын 
экспозициялар 
мен 
жүйелі 
коллекцияларды 
қалыптастыру 
міндеттеріне сәйкес туындайтын талаптарды орындау арқылы іріктеп 
жинақталады. 
Негізгі қорға жадығаттарды жинақтау төмендегідей жолдармен жүзеге 
асады: 
1. зерттегелі отырылған мәселе бойынша ескерткіштерді жоспарлы түрде 
жүйелеп жинақтау; 
2. жадығаттарды экспедиция барысында жинақтау; 
3. тартулар мен кездейсоқ олжаларды қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет