Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих факультеті Тақырыбы: Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттар мұрағатының тарихы
Орындаған:Утемисова.Д.Н Тексерген:Аман.Ә.Б
Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты - КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1941 жылғы 29 наурыздағы «КСРО мемлекеттік қоры мен КСРО мемлекеттік архивтер жүйесі туралы Ережелерді бекіту жөніндегі» № 723 қаулысына сәйкес Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1943 жылғы 27 қаңтарда «1943 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласында Орталық республикалық Мемлекеттік кинофотофонодокументтер архивін ұйымдастыру жөнінде» №25 қаулы қабылдады
Тарихы Мемлекеттік кинофотофонодокументтер мұрағаты ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылды және ол Қазақ КСР НКВД архив бөлімінің құзырына қарады. Орталық Мемлекеттік кинофотофонодокументтер архивіне республика аумағында түзілген, саяси, тарихи, мәдени мәні бар барлық кинофотофоно құжаттар енгізілді. 1957 жылдың соңында республикалық орталық мұрағаттар жүйесін қайта құруға байланысты ҚазКСР ОМ КФФД архиві ҚазКСР Орталық Мемлекеттік архиві құрамына бөлім ретінде енді. Қазақстан Республикасының құрылуына байланысты 1992 жылы мұрағат Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар мұрағаты болып аталды.
Мұрағат киноқорында «Восток кино» студиясы мен «Межрабпром» кинотресінің операторлары түсірген алғашқы деректі очерктер сақталған. Сол жылдар фильмдер арасында «Қазақтардың өмірі мен тұрмысы» («Жизнь и быть казахов») (1927 ж.), «Алматы Қазақстан астанасы» («Алма-Ата – столица Казахстана») (1929 ж.), «Түрксіб» (1930 ж.) атты ленталар – айрықша құнды дүниелер болып табылады. 1943 жылдан бастап мұрағат қорларына Екінші дүниежүзілік соғыстың «жанды» тарихы – алғашқы киноүлдір орамдары келіп түсе бастады. Сол кезге тән деректі мол мұраларды қалыптастыруда Мәскеу, Ленинград және Алматы кинематографистерінің күшімен құрылған Еліміздің біріккен орталық киностудиясы көп көмек көрсетті. Осы киностудияның базасында Алматыда мерзімімен «Союзкиножурнал» туындылары шығарылып тұрды. Бұлардың бір бөлігі соғыс аяқталған соң Қазақстанда қалды. Қазір олар мұрағаттың «Алтын қорын» құрайды.
Фото құжаттар Фотоқұжаттар қоры ауқымды да, әрқилы. Олардың ең көнелері ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кездеріне тән, негізінен тұрмыстық, көріністік суреттер. Өз дәуірінің деректі куәсі ретінде бұлардың құндылығы күн санап арта түсуде. Сый ретінде сақтауға берілген жеке қорлар мен коллекциялар мұрағаттың айрықша мақтанышы. Әлібек Дінішев Д.П. Багаевтың фотоқұжаттар коллекциясы мұрағаттың өзіндік визит карточкасы болып табылады. Коллекцияның шыны пластинкалардағы негативтері айрықша құнды деректер. Мұрағат фотоқорында негативтердің 250000 сақтау бірлігі жинақталған.