Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна, аға оқытушы, т.ғ. к. (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2022 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет12/49
Дата16.10.2023
өлшемі307,48 Kb.
#116570
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тарихи өлкетану дегеніміз не?
2. Тарихи өлкетанудың зерттеу объектісі?
3. Тарихи өлкетанудың зерттеу әдістері қандай факторларға байланысты анықталады?
4. Тарихи өлкетанудың қоғамдық ғылымдар арасындағы орны?


Дәріс №3-4
Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Археологиялық дереккөздер және олардың өлкетану жұмыстарында пайдаланылуы.
Дәрістің мақсаты: Археологиялық барлау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу тәсілдері, анықталған олжалармен жұмыс істеу туралы мәліметтер беру, оларды оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану ережелерін үйрету.
Тірек сөздер: Археология, археологиялық барлау, қазба жұмысы.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. «Археология» ұғымына түсінік және археология ғылымының қысқаша даму тарихы. 2. Археологиялық барлаудың мақсаттары және ұйымдастыру. 3. Археологиялық қазба жұмысын ұйымдастыру. 4. Өлкені тану мақсатында археологиялық материалдарды қолдану тәсілдері: ғылыми ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында.
Дәрісте «археология» ұғымына түсінік беріледі, археология ғылымының қалыптасу, дамуы және қазіргі таңдағы ғылымдар саласындағы маңыздылығы талданады, археологиялық барлаудың мақсаттары, барлаудың жоспары мен бағыты, археологялық барлауға қажетті жабдықтар, археологиялық барлау түрлері (әуебарлау, аэросуретке түсіру, электробарлау, магнитобарлау, суасты барлау), қазба жұмысының жоспары мен негізгі ережелері, қазба жұмысының түрлері, қазба барысында анықталған материалдарды сипаттау мен зерттеп, сұрыптау, оларды оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдану формалары сипатталады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Археологиялық барлаудың әдістерін ата?
2. Аэрофотобарлау қалай жүзеге асады?
3. Химиялық барлау қалай жүзеге асады?
4. Магниттік барлау қалай жүзеге асады?
5. Материк дегеніміз не?
6. Ашық мәдени қабат пен жабық мәдени қабаттың айырмашылығы?
7. Археологиялық қазба жұмысының барысын сипатта?
8. Табылған олжаларды тазарту, суреке түсіру, есепке алу т.б. жұмыстардың барысын сипатта.
9. Заттай ескерткіштерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет