Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қазақ халқы туралы алғашқы фундаментальды еңбек және оның авторы?
2. Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімі мен Торғай статистика комитетінде қызмет еткен қазақ зиялылары?
3. Семей статистика комитетінің қызметін кім ұйымдастырды?
4. ХІХ ғ. Оңтүстік Қазақстан зерттеушілері жадығаттарын жариялаған басылымдар?
5. «Қазақтардың дағдылы құқығы» деген мақаланың авторы?
6. Қашан Орал статистика комитеті ашылды?
7. «Қазақ даласындағы еріксіздер, құлдар және төлеңгіттер туралы мәселе жөнінде» деген еңбектің авторы?
8. Қашан Семей статистикалық комитеті ашылды?
9. Айдаудағы халықшылдармен бірге Абай Құнанбаев, Әміре Айтбакин, Ақұн Мұңайтпасов қызмет еткен ғылыми мекеме?
10. Семей статистика комитетінің қызметкерлері жадығаттарын жариялаған басылымдар?
11. Қазақ халқының отырықшылану себептері, ерекшеліктері жазылған еңбек пен оның авторы?
12. Қазақ руларының қалыптасуы мен оның құрылымы, әлеуметтік маңызы, хандық билік пен төлеңгіттер сипатталынған еңбек пен оның авторы?
13. «Наброски по обычному, в частности брачному праву киргиз-казахов» мақаланың авторы?
14. Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинаған ғалым?
Дәріс №25-26 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Қазақстанды зерттеп-тану қоғамы – республикадағы өлкетанушылық жұмыстардың орталығы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге Қазақстанды зерттеу қоғамының тарихы, қызметі, Ә.А. Диваевтың өмірі, қызметі, жинақтаған ауыз халық туындылары жөнінде жан-жақты ақпарат беріледі.
Тірек сөздер:Қазақстанды зерттеу қоғамы, фольклортанушы.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. ХХғ. 20-жылдарындағы қоғамдық ғылыми қоғамдар және олардың өлкетану жұмыстарын қалыптастырудағы рөлі. 2. Қазақстанды зерттеп-танудағы Ә.А. Диваевтың қызмет-қайраткерлігі.
Дәрісте 1920 жылы 15 қазанда құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамының қалыптасу, даму тарихы, қызметі және оның Оралда, Семейде, Алматыда, Ақмолада, Қостанайда, Шымкентте, Өскеменде құрылған бөлімдерінің қызметтері жөнінде ақпарат беріледі, Ә.А. Диваевтың өмірі, Қазақстанды зерттеп-танудағы қызметі, жинақтап шығарған халық ауыз шығармалары талданады.