Дәріс №5-6 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Өлкені тануда тарихи және мәдени ескерткіштердің орны.
Дәрістің мақсаты: Өлкетанулық жұмыстарда тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығын ашу, жергілікті жердің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру.
Тірек сөздер: тарихи ескерткіштер, көркемөнер ескерткіштері, архитектура мен қала құрылыстары, археологиялық ескерткіштер.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Өлкетану жұмыстарындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің маңыздылығы. 2. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және Орал қаласының сәулет өнері ескерткіштері.
Дәрісте тарихи-мәдени ескерткіштер түрлеріне жататын тарихи ескерткіштердің, көркемөнер ескерткіштерінің, архитектура мен қала құрылыстарының, археологиялық ескерткіштерінің сипаттамалары және олардың өлкетанулық зерттеулер үшін заттай дерек көздері ретінде маңыздылығы ашылады, Батыс Қазақстан аймағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді мақсатты түрде жүргізген 1980 жылғы, 1998 жылғы экспедициялардың нәтижелері, Орал қаласында орналасқан архитектура ескерткіштерінің қалыптасу тарихы мен қазіргі таңда өлке тарихындағы рөлі сипатталады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің екі қызметі?
2. Далалық Жайық өңірінің ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу қашан басталды?
3. Жайықтың батыс жағалауындағы құлыптастар қандай пішінде болды?
4. Жайықтың шығыс жағалауындағы құлыптастар қандай пішінде болы?
5. Әулие Қазірет қорымы мен Қондыкер бейіті қай аймақта таралған?
Дәріс №7-8 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі рөлі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді маусымдық, станционарлық т.б. далалық этнографиялық зерттеу әдістері, жинақталған этнографиялық материалдарды оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтармен қаруландыру.
Тірек сөздер: Этнография, этнографиялық далалық зерттеулер.