Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қазақстанды зерттеу қоғамы қашан құрылды?
2. Қазақстанды зерттеу қоғамы жұмысының үш кезеңі?
3. А.Л. Мелков жинаған экспонаттар 1925 жылы сәуірде қай қалада өткен бүкіл дүниежүзілік көркем-қолөнер көрмесінде көрсетілді?
4. 1924 жылы құрылған мектеп өлкетануы бөлімінің міндеттері?
5. Қай жылы «Қырғыз өлкесін зерттеудегі Орынбор қоғамының еңбектері» тұңғыш шығарылымы жарық көрді?
6. Қазақстанды зерттеу қоғамының тұңғыш төрағасы?
7. Қандай еңбегі үшін 1923 жылы Затаевичке Қазақ Республикасының халық әртісі атағы берілді?
8. Орал губерниясы территориясында өлкетану ұйымдары өз қызметтерін қашан бастады?
9. Ә.А. Диваевтың қазақ халқының еңбегі, шаруашылық өмірі жөніндегі мақаласы?
10. Қазақ ойындары мен ойыншықтарының жасалу шеберлігіне арналған мақаласы?
11. Негізгі еңбектері?
12. «Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области» атты жинағы қай жылдары жарық көрді?
13. Ә.А. Диваевтың мәдени мұралар туралы мақалалары?
Дәріс №27-30 Сағат көлемі: 4
Тақырыптың атауы: Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының қазіргі жай-күйі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Халық тарих толқынында» бағдарламалары аясында қазақ тарихына қатысты тың зерттеулер туралы ақпараттар беріледі.
Тірек сөздер:«Мәдени мұра» бағдарламасы, «Халық тарих толқынында».
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде өткен заманның мәдени мұраларын зерттеу. 2. «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасының мазмұны мен нәтижелері.
Дәрісте «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде өткен заманның мәдени мұраларын зерттеу, «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасының мазмұны мен нәтижелері туралы жан-жақты ақпараттар беріледі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды және мақсаты?
2. Қытай деректерінің бірінші томы қалай аталды?
3. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2010 жылы Маңғыстауда қандай тарихи-мәдени кешен ашылды?
4. Сырым Датов музейі қашан ашылды?
5. «Посольские материалы русского государства (XV-XVII в.в.)» атты жинақ орыс деректері жинағының нешінші томы?
6. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы нешінші жылдар аралығын қамтиды және мақсаты?
7. Бағдарлама аясында құрылған веб-портал?
8. Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатына ғылыми іс-сапар нәтижесінде қазақ тарихына қатысы бар қанша құжаттар Қазақстанға жеткізілді?
9. Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық орталы қай ЖОО базасында құрылды?
10. Дүние жүзі тарихын зерделеу жөніндегі ғылыми орталық қай ЖОО базасында құрылды?
11. Бағдарлама аясында қандай халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы жарық көрді?
12. «Республикалық жас ғалымдар қауымдастығы» қашан және қайда құрылды?