Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қай жыл «Халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп. аталды?
2. Қай жыл«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы» деп жарияланды?
3. Тарихи-өлкетанулық жадығаттарының түрлері?
4. Өлкетану элементтерін қолданудың тәсілдері?
5. Өлкетанулық мәліметтер беретін деректермен жұмыс істеудің бағыттары?
6. Тарихи оқиғалардың, фактінің, құбылыстың маңызы мен мазмұнын оқушыларға эмоциональды қабылдауға көмектесетін тарихи-өлкетану жұмысы?
7. Каталогтар мен анықтама әдебиеттерімен жұмыс жасауға үйрететін, өлке тарихы бойынша библиографиямен танысуға мүмкіндік беретін факультативті курстың формасы?
8. Өзекті және күрделі проблемаларды сараптауға арналған факультативті курстың формасы?
9. Тарихи материалдарды өңдеу, құжаттау шеберлігі мен дағдыларын меңгертуді көздейтін факультативті курстың формасы?
10. Тарихи-өлкетанулық үйірмелердің маңыздылығы?
11. Тарихи өлкетанулық кештер, викториналардың маңыздылығы?
Дәріс №23-24 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Қазақстандағы өлкетану ісінің бастаулары.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге ХІХ – ХХ ғ. басында Қазақстанда құрылған ғылыми қоғамдар мен мекемелердің тарихы, олардың қазақ тарихын зерттеудегі рөлі туралы ақпарат беру.
Тірек сөздер: Ғылым академиясы, Географиялық қоғамы, Тау-кен ведомствосы, Қатынас жолдар министрлігі, Мемлекеттік мүлік министрлігі, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы, Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы, статистикалық комитет.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:1. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі. 2. Семей өлкетанушыларының қазақ халқының этнографиясы мен фольклоры бойынша зерттеулері (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. бас кезеңі).
Дәрісте ХІХ – ХХ ғ. басында өлке зерттеу бойынша ғылыми орталық болған Орынбор, Орал, Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Жетісуда құрылған Императорлық Орыс Географиялық қоғамының, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының, статистикалық комитеттердің бөлімдері, Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының қалыптасу, даму тарихы, қызметі мен зерттеулері жөнінде жан-жақты ақпарат беріледі.