Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет107/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200
Қарн әл-Мәнәзил لزانملا نرق – Нәжд тұрғындарының миқаты. Қара: миқат.
Қарыз ضرق – Аллаһ ризалығы үшін бір адамның екінші адамға уақытша және 
еш пайызсыз ақшалай немесе басқа затпен көмек беруі. Белгілі мерзімнен кейін қа-
рыз алушы алған қарызын қайтарып беру керек. Қарызға беру шариғат құптаған 
сауапты іс саналады. 
Қарызға батқандар نومراغ – қарызынан артық нисапқа толатын байлығы 
жоқ қарыздар адам. Қарызға батқандарға зекет беруге болады.
Қасыр намазы. Жолаушы адамның қысқартып оқитын намазы. Ислам ша-
риғаты бойынша, муқим, яғни тұрғылықты адам намаздарын толық оқиды, ал му-
сафир, яғни жолаушы адам төрт ракағатты парыз намаздарын екі ракағатты қылып 
қысқартып, қасыр қылып оқиды.
Қасам مسق – ант, серт, қасам ішу. Ислам дінінде Аллаһ тағаладан басқамен 
қасам ішуге тыйым салынады.
Қасуа ءاوصق – Мұхаммед пайғамбардың түйесінің аты.
Қасыр намазы رصقلا ةلاص – сапар кезінде төрт ракағатты намаздарды қысқар-
тып, екі ракағатты қылып оқу.
Қатым متخ – аяқтау. Құранды қатым қылу – Құранды бастан-аяқ оқып шығу.
Қауіп намазы فوخلا ة لاص – дұшпан тарапынан кенеттен шабуылға ұшырау 
қаупі туып тұрған соғыс майданында оқылатын намаз. Ондай намазды кез келген 
жағдайда, тіпті намаздың парыздары орындалмай қалса да оқуға болады. «Ниса» 
сүресінің, 101-102 аяттарының тәпсірін қараңыз.


145
Қафез. Құранды жатқа білетін адам. Хафиз. Ол араб тіліндегі ظفاح «хафиз» 
(жаттаушы, жатқа білуші) деген сөзден шыққан. Қазақ тілінде бұл термин адам аты 
ретінде де қолданылады. 
«Өлген адам ба деп шошып тұр едім. Қафез абзи сіз бе едіңіз? Не күйге ұшы-
рағансыз? – деп құшағына алды» (Е.Рахимов, Тентек).
Қимар رامق – ақша тігіп ойнайтын құмар ойын. Шариғатта қимарға тыйым 
салынған.
Қиран نارق – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан 
кейін ихрам халінен шықпай, ихрам киімін шешпестен қажылық уақытын күтеді. 
Қажылық уақыты басталғанда алғашқы ихрамымен қажылығын жалғастырады. 
Яғни қажылыққа умраны қосу арқылы екі ғибадатты бір ихраммен өтеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет