Мухитдинов на печать indd


Мудар – теріскейдегі араб тайпаларының жалпы атауы, бұған құрайыштар да  кіреді. Мудәббәж



Pdf көрінісі
бет132/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200
Мудар – теріскейдегі араб тайпаларының жалпы атауы, бұған құрайыштар да 
кіреді.
Мудәббәж جَبَّدُم – бір ұстаздан хадис риуаят еткен екі шәкірттің бір-бірінен 
де хадис риуаят етуі. Мысалы: Айша анамыз бен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы 
болсын) бір-бірінен хадис риуаят еткен. Ал мудаббәж емес болса: екі шәкірттің бірі 
екіншісінен хадис риуаят етеді де, екіншісі алғашқысынан хадис риуаят етпейді. 
Мысалы: رعسم نع يميتلا ناميلس Сүлеймен әт-Тими Мусғардан хадис риуаят еткен. Ал 
Мусғар Сүлейменнен хадис риуаят еткендігі бізге жетпеген.
Мудд (муд) ّدم – көлем өлшемі. Әр кезеңде әр аймақтың мудділерінде айыр-
машылық болған. Ал Исламның бастапқы кезеңіндегі мудд өлшемі шамамен 1,053-
тен 1,055 литрге дейін.
Мудраж جردملا – қосылған, жалғанған. Егер рауи Мұхаммед пайғамбардың 
p хадисін риуаят еткеннен кейін өзінің немесе басқа біреудің сөзін айтса, одан ха-


176
дисті риуаят етуші екінші адам рауидің сөзін Пайғамбардың p сөзі деп ойлап, Пай-
ғамбардың сөзіне қосып риуаят етсе, оны «мудраж» деп атайды. Оны екінші бір 
жолмен жеткен (сәнәдпен) хадис арқылы немесе рауидің өзі баян етуімен біледі 
немесе осы ілімнің ғалымдары оның мудраж екенін айтып кетеді. Мудраждың екі 
түрі бар: Мәтіннің мудражы жәнесәнадтың мудражы. 1)сәнадтың мудражы. Рауи 
хадистіңсәнадын айтып келе жатып, қосымша бір сөзді айтса, оны тосыннан естіп 
қалған бір адам сол сәнадтың мәтіні екен деп ойлап, риуаят етеді. Бұл сәнадқа ен-
гізілген мудраж. 2) Мәтіннің мудражы. Яғни хадис мәтінінде, қосымша сөздердің 
кездесуі. Мудраж мәтіннің басында, ортасында немесе соңында келуі мүмкін.
Мудтариб برطضم – хадистің дәрежелері бірдей бір-біріне қарама-қарсы бір-
неше риуаятпен келуі. «Мудтариб» сөзі «идтариб» масдарынан (түбірінен) алынған 
туынды сөз. Ол «қобалжу», «абыржу», «айну», «жалтақтау» деген мағыналарды 
береді. Егер мудтариб болып келген екі риуаяттың бірін екіншісінен күштірек екен-
дігін анықтай алса, үкім сол күшті риуаятқа сүйенеді. Ал егер екі риуаяттың қай-
сысы күштірек екендігін анықтау мүмкін болмаса, ол екі риуаят та дағиф хадис деп 
есептеліп, екеуі де дәлел болуға жарамсыз деп табылады. Мудтариб кейде сәнадта, 
кейде мәтінде кездесуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет