178
Мункәр мен Нәкир ريكنو ركنم – қабірде қайтыс болған адамнан Құдайы, діні,
пайғамбары туралы жауап алатын екі періште.
Мурсәл (мурсал) لسرم – сәнадта сахабаның аты аталмаған хадис. «Мурсәл»
сөзі араб тілінде «жіберілген» деген мағына береді. Хадис ілімінде егер тәбиғин
хадисті риуаят еткенде хадисті жеткізген сахабаны айтпай бірден Пайғамбар айт-
ты деп, хадисті Пайғамбарға телсе, ондай хадис «мурсәл» деп аталады. Себебі
тәбиғин хадисті қай сахабадан алғандығын айтпай кеткен. Сол үшін мурсәл ха-
дис дағиф (әлсіз) хадистер тобына жатады. Тек бірнеше
жағдайларда ғана мур-
сәл хадиспен амал жасалады: 1) Мурсәл хадис екінші бір сәнадта муттасил болса.
2) Мурсәл хадисті екінші бір тәбиғин риуаят етсе. 3) Сахабаның сөзіне сай келсе.
4) Ғалымдардың көпшілігі сол мурсәл хадиспен амал жасау қажеттігін айтса.
Мурсәл хафи (мурсал хафи) يفخلا لسرملا – жасырын мурсәл. Егер рауи өзімен
замандас біреуден хадис риуаят етсе, бірақ екеуінің кездескендігі немесе кездеспен-
дігі белгісіз болса және рауидің одан хадистерін риуаят етуге рұқсаты болмаса әрі
риуаят еткенде өзінің анық сол рауиден хадис алғандығын анықтайтын сөзді пай-
даланбаса, ол хадисті «мурсәл хафи» деп атайды. Мудәлләс пен мурсәлдің айыр-
машылығы: мәдәлләста екі рауидің кездескендігі белгілі болады. Ал мурсәл хафиде
екі рауидің кездескендігі белгісіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: