Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет135/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   200
Мурсәләс-сахаба يباحصلا لسرم – сахабаның мурсәлі. Ислам дініне кеш кірген, 
Мұхаммед пайғамбар тірі кезінде әлі сәби, жас болған немесе Пайғамбар сол ха-
дисті айтқан кезде қасында болмаған сахабаның риуаят еткен хадисі. Көптеген жас 
сахаба кейіннен үлкен сахабалардан хадистерді естіп, бірден Пайғамбар p былай 
деп айтты яки Аллаһ елшісі былай деген еді, деп хадистерді риуаят еткен уақытта 
сол хадисті өзіне жеткізген сахабаны айтпай бірден Мұхаммед пайғамбарға тел-
ген. Мысалы: Ибн Аббас, Абдуллаһ ибн әз-Зубәйр және т.б. Сахабаның мурсәл ха-
дисі муттасил хадистің үкімін алады. Яғни ол хадиспен амал жасау керек және діни 
дәлел ретінде жүреді. 
Муртад دترم – діннен шыққан адам. Егер мұсылман Ислам дінінен бас тарт-
са, ол «муртад» деп есептеледі де, оны мұсылмандар қатарына қоспайды. Ол қай-
тыс болғанда шариғатқа сай жуылмайды, кебінделмейді, жаназа намазы оқылмай-
ды және мұсылмандардың қорымына жерленбейді. Сонымен қатар оның артынан 
бағышталып дұға жасалмайды.
Мусалла ىلصم – Пайғамбарымыз заманында мешіттер тар болғандықтан, 
айт намазы секілді Мәдина қаласының айналасындағы ауылдық жерлерде тұратын-
дар да қатысатын, көп жамағатпен намаз оқу үшін қала сыртында арнайы орын 
болған. Сол жер «мусалла» деп аталған. Қазір қоғамдық орындарда бес уақыт на-
маз оқылатын жерлер «мусалла» деп аталады. Қазақ тілінде ол жерлер «намазхана» 
деп те аталып жүр.


179
Мусафир. Жолаушы, тұрғылықты емес. Бұл термин шариғаттың «Намаз» та-
рауында қолданылады. Ислам шариғаты бойынша, муқим, яғни тұрғылықты адам 
намаздарын толық оқиды, ал мусафир, яғни жолаушы адам төрт ракағатты парыз 
намаздарын екі ракағатты қылып қысқартып оқиды.
Мусахафа ةحفاصم – қол беріп амандасу. Хадис ілімінде: егер хадисті риуа-
ят еткен адамның шейхының сәнадындағы рауилер саны, мысал ретінде, имам 
ән-Нәсәидің сәнадындағы рауилер санымен тура келсе, алғашқы сәнадты риуаят 
еткен адам имам ән-Нәсәимен қол беріп амандасқан сияқты болып есептеледі. Яғни 
хадистің сәнадында имам ән-Нәсәимен кездесіп, қол беріп амандасқандай болады. 
Қара: мусәуә. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет