19
мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы).
Жаһаннам азабын тартып жататындардың ішетіндері –
ыстық қайнаған су
мен қан аралас ірің. Тозақ олар үшін бейне бір зындандай болып, олардың дене
бітімдері жанып біткен сайын ет пен тері қайта кигізіліп,
мәңгілік азап шегеді
(С.Сейтбеков, Иман негіздері).
Қазақ тілінде «азаптау» сөзі жалпы «жазалау», «қинау», «зәбір көрсету» де-
ген мағыналарды береді.
Азғыру. Дұрыс, тура жолдан тайдыру, жақсы адамды бұзу.
«Азғырды сайтан кіріп жүрегіне,
«Келді», – деп, – бір жақсылық тілегіңе» (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Діни әдебиеттерде «азғыру» сөзі «шайтанның адамды дұрыс жолдан тайды-
руы» деген мағынада қолданылады.
Азиз. زيزع – «күшті», «сирек» және «құнды» деген мағыналар береді. «Азиз»
сөзі ақида ілімінде Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі ретінде кездеседі.
Ол Аллаһтың есімі ретінде «ұлы, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз» деген мағына бе-
реді. Хадис термині ретінде «тек қана екі рауи риуаят еткен хадис» деген мағына
береді. «Азиз» деп бұл хадистің сирек кездесуінен немесе бір рауидің риуаятын
екінші рауи қуаттап күш
беріп тұрғандықтан, «азиз» деп аталған.
Имам әл-Бұхари мен Муслим Әнәс ибн Мәликтен және әл-Бұхаридің өзі Әбу
Һурайрадан риуаят еткен хадисте Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа сәл-
ләм): «Сендердің еш қайсыларың мені әкесінен, баласынан және адамдардың бар-
лығынан артық жақсы көрмейінше иман келтірмейді», – деген. Осы хадисті Әнәстан
Қатада мен Абдул-Азиз ибн Суһайб риуаят еткен. Қатададан Шуғба және Сағид, ал
Абдул-Азизден Исмағил ибн Ғулайя және Абдул-Уарис риуаят еткен. Осы хадис
сәнадына қарай «азиз» хадис саналады.
Қазақ тілінде «азиз» сөзі «әзиз» және «әзіз» деген нұсқада жазылып, тіл-
дік мағынасымен де жиі қолданылады. Ол сөз араб тіліндегі «күш», «қуат» деген
мағыналарымен бірге «құрметті», «сыйлы», «қадірлі», «аяулы» деген мағыналарда
да қолданылады.
«Әйелдерге
немқұрайды қарайтын
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз.
Әйел біздің әзиз байлық қорымыз» (М.Шаханов, Ғасырлар.).
«Едіге деген ер екен, өзінен бір жас үлкен болса, әзізім сіз білерсіз дер екен»
(Мақал-мәтел).
Достарыңызбен бөлісу: