Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет22/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Арад.
Ат-тахият дұғасы تايحتلا ءاعد – намазда екінші және соңғы ракағат сәжде жа-
сағаннан кейін отырғанда оқылатын дұға. Ол «тәшәһһуд дұғасы» деп те аталады. 
«Пайғамбар (с.а.с.): «Егер әр екі ракағатта отырсаңдар: «Әт-тәхийәту лилләһи 
уәс-салауәту уәт-тайибат(у). Әс-сәләму ъаләйкә айюһан-нәбию уә рахматуллаһи уә 
бәракәтуһ(у). Әс-сәләму ъалайнә уә ъалә ъибадил-ләһис-салихин(а). Әшһәду әллә 
иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мұхаммәдән ъабдуһу уә расулуһ», – деңдер», – де-
ген» (Р.С. Мухитдинов Фиқһ әл-ғибадат).
Арад. Ақида ілімінде қолданылатын термин. Қара: ғарад.
Арайа. ايارع – сауда-саттық түрі. Мұнда қолында жеуге азығы жоқ адамның 
ағаш басындағы піспеген жемісін піскен немесе кептірілген жеміске айырбастауы 
орын алады. Шариғатта арайа саудасына аз мөлшерде ғана рұқсат етіледі. Көп мөл-
шердегі арайа саудасына рұқсат етілмейді. 
Арам. Араб тіліндегі مارح «харам» сөзінің қазақ тілінің заңдылықтарына сай 
фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты. Түркі тілдерінде кездеспейтін араб 
тіліндегі ح хә дыбысы қазақ тілінде «ә», «а» және «х» әріптерімен таңбаланып жүр. 
Мысалы, ةكرح әрекет, харекет; مارح арам, харам. «Харам» сөзі араб тілінде «тый-
ым салынған», «рұқсат етілмеген» деген мағыналарды береді. Шариғат бойынша, 
кесімді түрде тыйым салынған нәрсені не істі, шариғатта істеуге тыйым салынған 
және істемегені үшін сауап алатын, ал істегені үшін күнә алатын амалдарды «ха-
рам» деп атаған. 
Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы кеңейіп, қолданыс аясы ұлғайған және бү-
гінгі күнге дейін актив сөздердің қатарында. 
«Мұсылмандық аксиологияда адамның ас-суын ғана емес, мінез-құлқын, 
тәртібі мен әдетін, ниеті мен пиғылын да адал, арамға бөлген» (Т.Ғабитов, 
Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энцикло-
педиясы). 
Бұл мұсылман қазақ халқының дүниетанымынан терең орын алған – құн-
дылық. Оған «арам» мен «адал» сөздерінің қазақ тіліндегі кең қолданысы, терең 
мағыналарға ие болуы куә. Қазақ дүниетанымында «арам» сөзін, көп жағдайда
аспен, тағаммен және адамның қара ниетімен байланыстырып жатады. Шариғат 
бойынша, ішіп-жеуге болмайтын, тыйым салынған, адал емес (Қазақ әдеби тілінің 
сөздігі). 
«Пышақ тигізген жоқ, сорпалық еті бар Көкаяқты әкем көз алдымызда арам 
өлтірді» (Ж.Жұмаханов, Қарагөз). Бұл жерде ол адамның малды бауыздамаған-


30
дығы және соның салдарынан шариғатқа сай ол малдың еті жеуге жарамсыз болып 
қалғандығы айтылуда. Яғни қазақ халқында малды шариғатқа сай қанын ағызып, 
бауыздап шалғанда ғана оның еті жеуге жарамды болады деген түсінік қалыпта-
сқан. Бұл ислам дініндегі малдың етін бауыздағанда ғана жеуге жарамды болады 
қағидасымен сай келетіндігін көреміз.
«Адал мен арамның арасы
Жақсы мен жаманның арасы 
Жер мен аспан секілді, 
Арам биді би десең
Шайтан малғұн шаһаріне 
Базарын қосқан секілді» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Кердері Әбубәкір атамыздың бұл сөздеріндегі «арам би» сөзі қара ниетті, сұм, 
әділдіктің ала жібін арланбай аттайтын би мағынасында келген. Діни түсініктегі 
адамның тыйым салынған ісіне қолданылатын «арам» сөзінің мағынасы кеңейіп, 
ауыспалы мағынада тыйым салынған сол істі орындаушы адамға қолданылған. 
Қазақ тілінде «арам» сөзі басқа сөздермен қосылып, сөз тіркестерінің қа-
тарында қосымша мағыналарға ие болған. Мысалы, қарғыс мағынасында «арам 
қатқыр» тіркесі. 
«Олай жүрші көк шолақ, 
Бұлай жүрші көк шолақ. 
Жамандатқыр көк шолақ. 
Арам қатқыр көк шолақ, 
Мені құртқан көп шолақ» (К.Әзірбаев, Өлеңд). 
«Арам қатқыр, алысырақ барып жайылса қайтеді, бұзауды отқа жібертпейді, 
жіберсем жанасып еміп қояды, – деп, Қалампырдың қарғап-сілеп жүргені» 
(Б.Майлин, Шығ.).
Адал еңбекпен келмеген байлыққа да, асқа да «арам» сөзі жиі қолданылады. 
«Бар Тобықтының ішінде бір үй қазанына арам ас салмады десе, сол ең ал-
дымен осы Үрімбай үйі болатын» (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
«Бұл арамнан келген ақша қанша көп болғанмен, берекесі болмайды екен» 
(Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұл). 
«Қайыршы бай: «Тақсыр! Менің ақшам қанағатсыз, арсыздықпен жиналған 
арам ақша ғой, тырнақтап жиналған арам ақшаға тырнағыңызды былғағаныңыз жа-
рай ма?» – депті» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
Осы әдеби шығармаларда «арам» сөзі адам жолмен келмеген байлыққа қол-
данылып тұр. Бұл да «арам» сөзінің шариғаттағы түпкі мағынасынан көп ауытқы-
маған. Өйткені ислам дініндегі «харам» не «арам» ұғымдары бұл мағыналарды да 
қамтиды. Қазақ тілінде «арам» сөзіне жұрнақтар жалғану арқылы үстеме мағына-
ларға ие болған. Мысалы, «арамдау» етістігі бір істі не затты былғау, ластау мағына-
ларында қолданылады. 
«Болыстың сабын тимеген сарғыш саусақтары ақ дастарқанды арамдай 
бастады. Жалап-жалап алып, табақтағы суынан етке, біресе майға апарып салды» 
(Ғ.Мұстафин, Дауыл). 


31
«Ас үйді кілттегенде де азығымызды арамдап кетпесін деп иттен, мысықтан 
сақтанамыз» (Ғ.Сланов, Асау арна). 
«Әу бастағы аты боза екен. Оны адамға қас – Ыбылыс арамдап кеткен деген 
бар» (С.Әліков, Кәрі сайтан). 
«Арамдау» сөзі ауыспалы мағынада шариғатта тыйым салынған некесіз төсек 
қатынасына түсуге, яғни зинаға қолданылады. 
«Ол Әзәзілдің арбауына өзі түсіп қалды. Ол төрге шықты, төсегін арамдады» 
(З.Шүкіров, Жас жесір). 
«Арам» сөзі басқа сөзбен қосылып, жаңа мағыналарда да қолданылады. Мы-
салы, «арамсідік» сөзі некесіз туылған бала, «арамтамақ» сөзі жатыпішер, жалқау 
деген мағыналарды береді. 
Мәдениеттану ғылымында арам этикалық тұрғыдан адамның жағымсыз мо-
ральдық сапасын айқындайтын категория (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан 
руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы). 
Бұл жерде «арам» сөзі адамның жеке басына қатысты қолданылуда. Сонымен 
қатар қазақ тілінде «арам» сөзімен келетін өсімдік атаулары да кездеседі. Мысалы, 
арамшөп, арамжуа, арамсәбіз, арамсояу, арамтаран. «Арам» сөзі бұл айтылғандар-
дан басқа да тіркестердің қатарында да жиі кездеседі. Олардың барлығын «заңға 
қайшы», «әділетсіздік» деген ортақ мағына аясында топтастыруға болады және 
барлығының астарында «арам» сөзінің діни ұғымы жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет