Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет12/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Адалдық. Араб тіліндегі ةلادع «адалат» сөзінен алынған. Хадис ілімінде ха-
дис жеткізуші рауидің риуаятын қабыл ету үшін қойылатын белгілі бір шарттардың 
жиынтығы «адалдық» деп аталады. Адалдық сипаттарына: 1) мұсылман болу; 2) 
балиғат жасына толу; 3) ақыл-есі бүтін болу; 4) үлкен күнәналардан бойын аулақ 
ұстап, кіші күнәлар жасамауға тырысатын тақуа болу; 5) ар-ожданы таза, адамгер-
шілігі мол парасатты жан болу.
«Адалдық» сөзі қазақ тілінде моральдық категория ұғымы ретінде қолда-
нылады. Адалдық – адамның ішкі рухани болымысының мазмұндық құрылымын 
анықтайтын этикалық ұғым, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін бел-
гілейтін моральдық категория (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты 
мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы). 
Адамата. مدآ – Аллаһ тағала топырақтан жаратқан алғашқы адам, бүкіл адам-
заттың атасы. Қазақ тілінің он бес томдық сөздігінде «адам»сөзінің діни мағына-
сын «Алланың жаратқан құлы, пенде» деп, ал «Адамата» сөзін «Алла жаратқан ең 
алғашқы кісі, күллі адамзаттың атасы» деп түсіндірген. «Адамата» сөзі қазақ әде-
биетінде кеңінен қолданысқа ие. 
«Арғы атам – Адамата, хақ, пайғамбар, 
Айырылып Хауаанадан болыпты зар» (Ш.Құдайбердиев, Шығ).
Адасу. Діни әдебиеттерде Құдайға тура алып баратын жолдан таюды, теріс 


15
жолға түсуді «адасу» деп атайды. Осы түбірден шыққан адасушы, адасушылық, 
адастыру, адастырушы сияқты туынды сөздер діни мәтіндерде ақиқат жолынан 
ауытқу мағынасында қолданылады. 
«Адамдар таухид дінінен шығып, өзге нәрселерге табына бастағанда Аллаһ 
екінші бір елшіні жіберіп, пенделерін адасушылықтан тура, шынайы жолға шақы-
рып отырды» (С.Сейтбеков, Иман негіздері). 
Мәдениеттану мен философия саласында адасу ұғымын ақиқатқа сәйкес кел-
мейтін сана мазмұны деп түсіндіреді. Адасу ұғымын танымдық тұрғыда және мо-
ральдық тұрғыда қарастыруға болады. Танымдық тұрғыда адасу танымның шын-
дықтан ауытқуын білдірсе, ал екіншісі, адамның өмір жолында қателесуін, теріс 
жолға түсіп, азғындауын, адамгершілік, кісілік жолдан шығуын білдіреді (Т.Ғаби-
тов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энцикло-
педиясы).
Адыл. Хадис ілімінде «адыл» сөзі жалпы тілдік мағынамен қатар терминдік 
мағынада қолданылады. لدع – әділ, әділдік. Хадис ілімінде әділ адам деп балиғат 
жасына толған, ақыл-есі бүтін, пасықтықтан таза, үлкен күнәларды жасамайтын, 
кіші күнәлардан таза болуға тырысатын және адамның бойындағы ерлік, пара-
саттылық, адамгершілік қасиеттеріне нұқсан келтіретін сипаттардан аман болған 
адамды атайды. Егер рауидің бойында осы шарттар бар болса, ол «әділ рауи» деп 
есептеледі.
Адын – жаннат. Ислам діні түсінігі бойынша, жаннат пен тозақтың дәре-
желері бар. Жаннат дәрежелерінің бірі ندع «адын»деп аталады. Араб тілінде ندع 
«адын» сөзі «тұрақтау», «жайғасу», «бір жерді мекен ету», «жерді тыңайту» деген 
мағыналарды береді. Қазақ тілінде бұл сөз тек Құран аудармалары мен діни әдеби-
еттерде кездеседі.
«Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ішінде мәңгі бақи қалатын, аста-
рынан өзендер ағатын (бейіштік) бақтарды, Адын (жаннатындағы) бақшаларын-
дағы жақсы тұрақтарды уәде етті. Ал Алланың разылығы одан да үлкен. Бұл – ұлы 
табыс» («Бақара» сүресі, 72-аят).
Ажал. Араб тілінде لجأ «ажал» сөзі «өлім сәтінің келуі», «қарыз мерзімінің 
аяқталуы», «бір заттың аяқталу мерзімі» деген мағыналарды береді. Діни түсінік-
те бұл дүниедегі өмірдің таусылып, о дүниеге аттану «ажал» деп аталады. Яғни 
«ажал» сөзі араб тілінде «белгілі бір заттың өмір сүру мерзімі» деген мағына береді 
екен. 
Ажал – діни-теологиялық ұғым-категория, тіршілік иесіне белгіленіп беріл-
ген мөлшерлі мерзім, уақыттың соңы, аяқталуы (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, 
Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы).
Қазақ тілінің он бес томдық сөздігінде «ажал» сөзі өлім, қаза деп түсіндіріл-


16
ген. «Ажал» сөзінің араб тіліндегі бір заттың аяқталу мерзімі сияқты мағыналары 
қазақ тіліне өту барысында тарылған. Өйткені қазақ тілінде «ажал» сөзі көптеген 
тіркестердің құрамында қолданылғанмен барлығы өлім, қаза деген мағыналарды 
береді. Ал араб тілінде кез келген белгіленіп қойылған мерзімді «ажал» деп атай 
береді. Қазақ тілінде «ажал» сөзі сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. 
Мысалы, ажал айдады, ажал аузында, бір ажалдан қалды, ажал түртті, ажалмен 
алысты, ажалына асықты, ажалынан бұрын өлді, ажал тырнағы, ажал сағаты, ажа-
лы жоқ, ажал алды, ажалы келді, ажалсыз, ажал айтып келмейді, сұм ажал және т.б. 
Сонымен қатар «ажал» сөзі мақал-мәтелдерде де көп қолданылады.
«Айдалаға атқан оқ ажалдыға тиеді; Ажалды киік адырға қашар; ажал төр-
летіп келсе – кәріге, төтендеп келсе – жасқа келеді; ажал емнен қашар, ашу мінезі 
кеңнен қашар» (Ә.Қайдар, Халық даналығы). 
Ажам. Арабтар басқа халықтарды مجع «ажам» деп атаған. Себебі «ажам» 
сөзінің түбірі араб тілінде «түсініксіз», «анық емес» деген мағына береді. Сон-
дықтан арабтар өздеріне түсініксіз тілде сөйлесетіндері «ажам» деп атап кеткен. 
Бұл сөз Құран кәрімде де осы мағынада кездеседі. «Нахл» сүресінің 103-аятын-
да «Һәм Біз олардың [мүшріктердің]: «Негізінде, оны (Құранды[Пайғамбарға
бір адам үйретеді», – дейтіндерін анық білеміз. Олардың [мүшріктердің] (көңіл-
дері) ауып жүргендерінің [күдіктенген адамдарының] тілі – ажам (өзге тіл), ал бұл 
[Құран тілі] – ап-анық араб тілі». «Фуссилат» сүресінің 44-аятында: «Ал егер Біз 
оны ажам (бөгде) тілдегі Құран етіп жасасақ еді, онда олар [мүшріктер]: «Оның 
аяттары (араб тілінде) ашықталып түсірілсе еді! (Сөзі) ажам (бөгде) тілде әрі (ел-
шісі) араб па?!» – дер еді» деп келген. Қазақ тілінде «ажам» сөзі көнерген, қазір 
өте аз қолданылатын сөздерге жатады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін жа-
зылған әдебиеттерде кездесіп қалып жатады. 
«Ол кезде ажам мен түркі елдері түгелдей мұсылман болып, пайғамбарға қы-
змет етті деген ақпарлар ешбір ислам тарихында кездеспейді» (Қ.Халиди, Тауарих). 
Ажы. Ислам дінінің бесінші парызы қажылықты өтеген адам «қажы» деп ата-
лады. «Қажы» сөзінің сөйлеу тіліндегі бір варианты ретінде «ажы» сөзі қолданыла-
ды. Түркі халықтарының арасынан қырғыздар да «қажы» сөзін «ажы» деп айтады. 
Асылы, бұл сөз – араб тіліндегі جاح (хаж) сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен 
варианты. Түркі тілдерінде ح әрпі болмағандықтан, оны тіл заңдылықтарына сай 
өзгертіп айту салдарынан қазақ тілінде «қажы», «әжі» немесе «ажы» деп айтылып 
кеткен.
Ажына. Жындар. Он бес томдық сөздікте «ажына» сөзіне «Тіршілік иелері-
не, жанды мақұлықтарға қаскүнем көрінбейтін күш иелері» деген анықтама беріл-
ген. Осы сөздікте «ажына» сөзі араб тіліндегі ةنجأ (әжиннә) сөзінен шыққан деп 
көрсетілген. «Әжинна» сөзі араб тілінде نينج (жәнин) сөзінің көпше түрі. «Жәнин» 
сөзі араб тілінде «ұрық», «эмбрион» деген мағына береді. Соған қарағанда «ажы-
на» сөзі қазақ тіліндегі «жын» сөзінің өзгерген формасы болуы мүмкін.


17
«Бақсы осы кезде аурудың ішінде отырған жындар мен ажыналар әлгі бас 
сүйекке ұмтылып, кеміре бастаған сәтін пайдаланып, ауруды алып тез кетіп қала-
ды» («Денсаулық» ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет