Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет15/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200
Айналым. Құран жаттаудың бір тәсілі. Құран кітабы отыз парадан, әр пара 
екі хизбтан тұрады. Бір пара жиырма бет болады. Қарилық медреселерде Құранды 
толық жаттау үшін осы отыз параны әр параның басынан немесе соңынан бір-екі 
беттен жаттау арқылы толықтырып отыру «айналым» деп аталады.


20
Айт. Діни мейрам. Ислам дінінде ораза және құрбан айт деп аталатын екі діни 
мейрам бар. ديع «ъид» сөзі араб тілінде «қайта оралу» деген мағына береді. Бұл мей-
рамның «айт» деп аталу себебі ол жыл сайын қайта айналып келіп отырады. 
Айт намазы. Айт намазы ديعلا ةلاص – артық тәкбірлері бар жылына екі рет 
қана оқылатын уәжіп намаз. Айт намазы ораза және құрбан айт намазы деп екіге 
бөлінеді. 
Ораза айт намазы. Ораза айт намазы – ай күнтізбесі бойынша рамазан айы 
біткеннен кейін, шәууәл айының алғашқы күні сәске уақытында оқылатын екі ра-
кағатты уәжіп намаз. Оның «ораза айт» деп аталу себебі: бұл мейрам мұсылмандар 
оразаны аяқтағаннан кейін болады. 
Құрбан айт намазы. Құрбан айт намазы – ай күнтізбесі бойынша зул-хиж-
жа айының оны күні сәске уақытында оқылатын екі ракағатты уәжіп намаз. Оның 
«құрбан айт» деп аталу себебі: бұл күні Аллаһ тағалаға арналып құрбандық шалы-
нады. Қазақ әдебиетінде де айт мерекесі, айт намазы жиі айтылады. 
«Айт мереке болсын, қарындас! – деді Мәмбет. – Өзіңіздікі де бірге болсын» 
(Б.Күлеев, Ақ қайын). 
«Айт намазында мешітке кіріп, Құдайдан құлдықтан құтқар деп сұрайтын-
ды» (Ш.Өтепов, Өшп, жалын). 
Айттап бару немесе айттап келу. Айт күні туған-туысқандар, көрші-қолаң, 
дос-жарандардың бір-бірлеріне қонаққа баруы. 
Акбар. ربكأ «акбар» сөзі араб тілінде «ең ұлы», «ең үлкен», «ең зор» де-
ген мағыналарды береді. Діни әдебиеттерде «акбар» сөзі «Аллаһ» сөзімен бірге 
«Аллаһу акбар» деп діни жоралғыларды өтегенде дұға ретінде және бір нәрсені 
көргенде немесе рухты көтеру үшін ұран ретінде де қолданылады. 
«Құсымбай молданың «Аллаһу акбар» деген дауысы жер астынан шыққандай 
күңіренді» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
«Ең, көңіл, білсең шөл дүр жұртқа раһбар, 
Болғанда нәби мүрсал, һәм пайғамбар. 
Құлағың екі бірдей тұт сөзіңе 
Мұхаммед дүр, ол – саруар, Алла акбар» (Мәшһур Жүсіп, Шығ.).
Ақаба. Ақаба ةبقع – Меккеге таяу Мина жазығындағы жердің аты. Пайғам-
барлықтың 12 жылы қажылық кезінде Пайғамбарымызға Мәдинада тұратын аус 
және хазраж руларының он екі өкілі келді. Олар Аллаһ елшісіне осы хадисте және 
«Мумтахина» сүресінің 12-аятында неге тыйым салынған болса, соны істемеуге 
және Исламға адал болуға ант берді. Ислам тарихында бұл оқиға «Алғашқы Ақаба» 
айдарымен белгілі. Ал Пайғамбарымыздың бір жылдан кейін жетпістен астам мә-
диналықпен кездесіп, Мәдинаға қоныс аудару мәселесін тиянақты шешкен кездесуі 
«Екінші Ақаба» деп аталады. Сол кездесуде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл істі жүзеге 


21
асыру үшін он екі өкілін белгілеген, солардың бірі Ғұбада ибн Самит (Аллаһ оған 
разы болсын) еді.
Ақиб. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) бірнеше есімі болған. Сол есімдерінің 
бірі – بقاع Ақиб. Мағынасы: ең соңынан келуші. Яғни пайғамбарымыз Мұхаммед– 
пайғамбарлардың соңғысы, одан кейін ешқандай пайғамбар келмейді.
Ақида. Діни сенім, ұстаным. ةديقع «ақида» сөзі араб тілінде «байлау», «түю» 
деген мағыналарды береді. Ислам ақидасы деген – Аллаһқа, Ақырет күніне, пайғам-
барларға, кітаптарға т.с.с. сену сияқты оның нанымдарын білдіреді. Бұл сенім-на-
нымдар мен ұстанымдар өз алдына бір ғылым ретінде қалыптасқан. Ислам дініндегі 
сенім мәселелерін зерттейтін ғылым «ақида ілімі» деп аталады. Ол ғылым «таухид 
ғылымы», «кәләм ғылымы», «ақайд» деп те аталады. Ата-бабаларымыз қолданған 
«ақида» сөзі қазақ тілінде тәуелсіздік алғаннан кейін кеңінен қолданылып, қазір 
діни тілімізден орын алды. Бұл сөз діни әдебиеттерде, діни сайттарда өте жиі қол-
данылады. 
Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына, 
сенім жүйесіне байланысты. Ақидасы дұрыс болса, пенде құлшылығының арқа-
сында адал ниетінің жемісін көреді (С.Сейтбеков, Иман негіздері). 
Ақида ілімі Алла тағалаға, дініміздің негізіне тікелей қатысты болғандықтан, 
ілімдердің ішіндегі ең ұлығы, ең ардақтысы болып саналады (Р.Батталұлы, Құран 
эгзегетикасы).
Ақиқа. Ақиқа ةقيقع – Аллаһқа шүкіршілік ету ниетімен бала туылғанда жаса-
латын той (шілдехана). Шариғатта ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қойды 
сойып, ақиқа жасаған абзал. 
Ақил. Ақил لقاع – адамды өлтірген қылмыскердің қайтыс болған адам үшін 
құн төлеуге қатысатын туысқандары. Бұл термин ислам шариғатының қылмыстық 
кодекстерді қарастыратын «әл-Уқубат әш-шариғия», «Жинаят» немесе «Худуд» деп 
аталатын тарауында қолданылады. Қара: диет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет