Мухитдинов на печать indd


Мушәлләл – Мекке мен Мәдинаның арасындағы Манат аталатын әйел құдай- дың ғибадатханасы орналасқан таудың аты. Мушкәл



Pdf көрінісі
бет142/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200
Мушәлләл – Мекке мен Мәдинаның арасындағы Манат аталатын әйел құдай-
дың ғибадатханасы орналасқан таудың аты.
Мушкәл لكشملا. Қара: мухтәләф әл-хадис.
Муздалифа. Мұзталапа. Мекке қаласынан он бес шақырымдай жерде орна-
ласқан жердің аты. Қажылық кезінде қажылар Арафат жазығынан күн бата шыққан-
нан кейін Муздалифаға келіп, шам мен құптан намаздарын қосып оқып, осы жерде 
таң атқанша дем алып, таң атқаннан кейін таң намазын оқып, одан кейін дұға жасап 
болғаннан соң Минаға қарата шығулары керек.
«Жарылып қуанышпен жүрегіңіз, 
Болды деп дұғаң қабыл етіп нудай.
Жиналған Арафатқа көпті көрдің, 
Күн бата Мұзталапа тауға келдің. 
Қалмайтын бір зәрредей бойда күнә, 
Жерлерге қасиетті енді келдің. 
Пайғамбар сонда тұрып дұға қылған, 
Сақта деп үммәтымды ғазабыңнан» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Мұнафық (мунафиқ) قفانم – екіжүзді. Сыртқы көзге мұсылманмын деп ай-
татын, бірақ жүрегінде иманы жоқ адам.Діни сенім бойынша, мунафиқтардың то-
зақта тартатын жазасы кәпірлерден де ауыр болады. Аллаһ тағала Құран кәрімде 
мунафиқтар туралы арнайы сүре түсірген және олар турлы басқа көптеген аяттарда 
айтылған. Аллаһ тағала мунафиқтар туралы:«Саған (уа, Пайғамбар) мұнафықтар 
келгенде: «Біз сенің Алланың елшісі екендігіңе, сөзсіз, куәлік береміз», – дейді. Ал 
Алла сенің Өзінің елшісі екендігін біледі һәм Алла мұнафықтардың, сөзсіз, өтірік-
шілер екендігіне куәлік береді (1). Олар [мұнафықтар] анттарын қалқан қылып 
алды да, (басқаларды) Алланың жолынан қайтарды. Шынында, олардың істеген-
дері неткен жаман! (2). Бұл олардың (тілдерімен) иман келтіріп, сосын (жүрек-


186
терімен) кәпір болғандықтарынан. Сосын жүректеріне (мөр) басылды, енді олар 
түсінбейді (3). Ал егер оларды [мұнафықтарды] көрсең, олардың тұлғалары сені 
таңдандырады. Егер олар сөйлесе, сен оларды тыңдайсың. Олар құдды (қабырғаға
сүйеп қойылған діңгектердей [еш пайдасы жоқ]. Әрбір дауысты (үрейленіп) өздері-
не қарсы (бағытталған) деп ойлайды. Олар – (сендерге) жау, сақтаныңдар! Оларға 
Алланың өлімі келсін! (Ақиқаттан) қалай ауытқып барады?! (4). Оларға [мұна-
фықтарға]: «Келіңдер, Алланың елшісі сендер үшін (Алладан) кешірім тілесін!» 
– делінсе, бастарын кекжитіп, тәкаппарлана бас тартқандарын көресің (5). Сен (уа, 
Пайғамбар) олар [мұнафықтар] үшін (Алладан) кешірім сұрайсың ба, сұрамайсың 
ба – оларға бәрібір. Алла да оларды ешқашан кешірмейді. Негізінде, Алла пасық 
қауымды тура жолға салмайды! (6)» – деген («Мунафиқун» сүресі, 1-6 аяттар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет