Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет139/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200
Муттафақун алайһи هيلع قفتم – келісілген. Хадис ілімінде имам әл-Бұхари 
мен Муслим бір сахабадан риуаят еткен хадисті «муттафақун алайһи» деп атайды. 
Муттафиһ уа муфтарақ قرتفملاو قِفتملا – келісілген және ажыратылған. 
Рауилердің аттары және әкелерінің аттары бір, бірақ әрқайсысының салалары бөлек 
ғалымдар.
Муаррис. Мирас қалдырушы адам, яғни қайтыс болған адам.
Муфассал сүрелері ةلصفم روس – Құранның «Қаф» немесе «Хужурат» сүресі-
нен басталып «Нас» сүресіне, яғни аяғына дейінгі сүрелердің жалпы атауы. 
Муфассал (бөлшектелінген) сүрелерге Құран кәрім кітабының соңғы жағындағы 
аяттар саны қысқа болып келетін сүрелер жатады. Бұл топқа кіретін сүрелердің ара-
сында «Бәсмәләмен» көп келетіндіктен «муфассал», яғни «көп бөлшектенген» деп 
аталған. Муфассал сүрелер «мухкәм» деп те аталады. Муфассал қай сүреден баста-
латындығына қатысты ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Кейбір ғалымдар оны 
«Қаф» сүресінен басталады» десе, екінші бір ғалымдар оны «Хужурат» сүресінен 
басталады» деп есептейді. Муфассал сүрелер өз ішінен: ұзақ, орташа және қысқа 
болып үшке бөлінеді. Ұзақ муфассалға «Хужурат» сүресінен «Буруж» сүресіне 
дейінгі сүрелер, орташа муфассалға «Тариқ» сүресінен «Бәйинә» сүресіне дейінгі 
сүрелер, қысқа муфассал сүрелеріне «Зилзәлә» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі 
сүрелер кіреді.
Муфрид درفم – қажылықтың ифрад түрін орындаушы. Қара: ифрад.
Муфта биһи. Бір мазһабта белгілі бір мәселеге қатысты екі не одан да көп 
көзқарастар болғанда мазһабта басшылыққа алынады деген пәтуа. 
Муфти (мүфти) يتفم – пәтуа шығаруға құқығы бар ғалым адам. 
«Ақжонас ертеңгісін әкімдерді шақырып алып сұрады: 
«Қазы, мүфти сіз деді, 
Перзентсіз болдық біз деді
Жас жетпіске толғаны. 
Үлкендіктің мысалы 
Жүз алпыс екі тамырдың 
Бәрі бірдей солғаны. 
Елуде еді алғаным, 
Бір перзенттің зарпынан 


183
Күшті болды арманым» . 
Сонда қазы мүфти қамалды, 
Патшасы бұлай айтқан соң
Таба алмады амалды» (Батырлар жыры).
Мухабара ةرباخم – жердің үштен бір бөлігін немесе төрттен бір бөлігін жалға 
беру. Мухабара – музарағаға жақын ұғым. Екеуінде де жер иесі жерін өнімнің 
бір бөлігіне жалға береді. Әйтсе де бұлардың арасындағы айырмашылық бар. 
Музараға кезінде егін жер иесінің есебінен, ал мухабара кезінде жалға алған адам-
ның есебінен егіледі. Шафиғи мазһабы өкілдерінің көпшілігінің пікірі осыған 
тоғысады. Рафиғ ибн Хадижден жеткен хабарда, егін жерді жалға алған адамның 
есебінен егіліп, жер иесі егін алқабының нақты қай бөлігінің өнімі өзіне тиесілі 
болатынын белгілеген жағдайда, жерді жалға беруге тыйым салынатыны айтылған. 
Мұндайда жер иесі көбінесе егіндіктің суармалы бөлігінің өнімін өзіне тиесілі деп 
белгілейтін. Кейде егіндіктің жер иесіне немесе жалға алған адамға тиесілі бөлі-
гі өнім бермей, екеуара келіспеушіліктер туындайтын. Өйткені жердің белгілі бір 
бөлігінің өнім беруіне ешкім де кепіл бола алмайды. Жалға алған жер үшін ал-
тынмен не күміспен қолма-қол төлеуге немесе жер ақысы ретінде өнімнің белгілі 
бір кепілдемелі мөлшері белгіленген жағдайға келсек, музарағаның мұндай түріне 
тыйым салынбайды. Бұл жайлы Рафиғ ибн Хадиждің хабарында айтылған. Ал ха-
дистегі «мухабара – үштен бір бөлік, төрттен бір бөлік және сол сияқтылар» деген 
сөздерді имам Шафиғи, әл-Бұхари және басқалар «бұл кесімді тыйым емес» деп 
түсіндіреді. Бұл пікір Ибн Аббастан да (р.а.а.) келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет