Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет138/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   200
Муташабиһ. Мүтәшабиһ. هباشتم «муташабиһ» сөзі араб тілінде ұқсас, бір-
келкі, бірыңғай деген мағыналарды береді. Ақида ілімінде мағыналары анық емес 
және түрліше түсінуге болатын аяттарды «муташабиһ аяттар» деп атайды. Ақида 
ілімінде бұл термин «мукхам» терминіне антоним ретінде қолданылады. 
«Муташабиһ аяттардың жорамалын жасауға, ондағы мұрат болған мағынаны 
айқындауға бола ма?» дегенде ғұламалар екі пікірді ұстанған (Е.Қалмахан, Ислам 
ақидасы).
Задында, Құран кәрімдегі мүтәшәбих аяттардың мән-мағынасы мұсылман-
дар үшін иләһи сынақ-тын. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 
аталмыш аяттарды ашықтамаған, алғашқы ақжал толқын – сахабалар, табиғиндер, 
таба-табиғиндер мүтәшәбих аяттарға тафуид, яғни талдау жасамастан, мәнмағына-
сын Хаққа қалдыратын(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Мүтәшәбиһ аяттарға қатысты алғашқы кезеңде ешқандай да дау туында-
маған. Құран араб тілінде түскендіктен және сахабалар араб тілін жақсы білетін-
діктен, мүтәшәбиһ аяттар жайлы көп толғанып, оның астарына үңіле бермеген 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Хадис ілімінде егер рауилердің аттары жазылуы және айтылуы бірдей болып, 
әкелерінің аттары жазылуы бірдей, бірақ айтылуы басқаша болса, оларды «мута-
шабиһ» деп атайды. Мысалы: ليِقَع نب دمحم Мухаммад ибн Ақил және لْيَقُع نب دمحم 
Мухаммад ибн Уқайл. 
Мутға некесі ةعتملا حاكن (никах әл-мутға) – уақытша некенің атауы. Мұндай 
некеге Пайғамбардың Мәдинаға қоныс аударуынан һижраның 6 жылы Хайбар жо-
рығына дейін алты жыл мұсылмандарға рұқсат етіліп, сосын бұл үкім күшін жой-
ған.


182
Муттасил لصتم – жалғасқан, үзілмеген, жалғанған. Егер хадистіңсәнады ең 
соңғы рауиден айтқан адамға дейін үзілмей жетсе, ол хадисті «муттасил» немесе 
«маусул» деп атайды. Бұл хадистің басы Мұхаммед пайғамбарға (саллаллаһу алай-
һи уа сәлләм) немесе сахабаға барып тірелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет