Мухитдинов на печать indd


Нәжіс سجن – шариғат бойынша лас, таза емес деп есептелген зат. Мысалы:  қан, өлексе, қи мен зәр. Нәзір



Pdf көрінісі
бет147/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200
Нәжіс سجن – шариғат бойынша лас, таза емес деп есептелген зат. Мысалы: 
қан, өлексе, қи мен зәр.
Нәзір رذن – адамның әлдебір жағдайда «егер ойымдағы не қалағаным бол-
са, былай етемін» деп серт беріп атаған садақасы, ғибадаты т.т. Мәселен, ауырып 
жатқан адамның «осыдан айығып кетсем, бір қой садақа» деп атап серт қабылдауы.
Нәмимә ةميمن – өсек, бір адамның сыртынан сөз тасу. Шариғатта өсек айту 
күнә саналады.
Нәпақа ةقفن – жұмсалған қаржы-қаражат, қажетке арнап ажыратылған қара-
жат. Ер адам ата-анасын және жұбайы мен бала-шағасын киім-кешекпен, ас-сумен 
және баспанамен қамтамасыз етуі «нәпақа» деп аталады.
Нәпсі سفن – адам жанының бір атауы. Нәпсі қалауы дегенде – жан қалауы, 
сезім құмарлығы меңзеледі.
Нәпіл لفن – парыз амалдардан тыс орындалатын қосымша ғибадат түрі. Мы-
салы, духа намазы, дүйсенбі мен бейсенбі күндері нәпіл ораза ұстау.
Несібе – адам баласына берілген үлес мөлшері. Ол байлықты, мансапты, 
үрім-бұтақты т.с.с. қамтиды. 
Нибәз ذابن – сатушының сауда-саттық жасамай тұрып, алушыға тауарды тас- 
тап кетуі, бұдан кейін алушы міндетті түрде оны сатып алуға тиіс болатын. Мұндай 
жағдайда сатып алушының тауарды ұстап көруіне де, анықтап тексеруіне де мүм-
кіндік берілмейді.
Ниет ةين –бір амалды істеуге жүректі бекіту, байламға келу. «Ниет» сөзі араб 
тілінде іс-амалға, бір нәрсеге ұмтылу ретінде мақсат қою деген мағыналарды бе-
реді.
Ниқаб باقن – әйелдердің жүзін жауып тұратын баскиім, пәренже. 
Нисаб باصن – шариғат бекіткен байлықтың зекет беруге жеткен ең аз мөл-
шері. Басқа сөзбен айтқанда шариғат бекіткен байлықтың зекет беруге жеткен ең 
аз мөлшері. Ол байлықтың түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, қойдың ни-
сабы қырық. Егер қойлардың саны отыз тоғыз болса, ол нисабқа толмаған бо-
лып есептеледі де, зекет шығару міндет болмайды. Алтынның нисабы – жиырма 
мысқал. Бір мысқал шамамен бес грамды құрайды. Күмістің нисабы – 580 грамм. 
Ғалымдар «алтын динар мен күміс дирһамның қазіргі салмақ өлшемі граммен 
есептегенде қанша болады?» деген сұраққа қатысты әртүрлі пікірлер ұстанған 


192
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
«Нисаб» термині ислам құқығындағы шарғи жазалар «Худуд» тарауында ұр-
лық жасаған адамға қол кесу жазасы бекітілуі үшін ұрланған мүліктің құнына да 
қатысты қолданылады. Ислам құқығы бойынша ұрланған заттың құны алтын ди-
нардың төрттен бірінен немесе үш күміс дирһамға тең не одан көп болған жағдайда 
ұрының қолын кесу жазасы тағайындалады. Осы мөлшер де «нисаб» деп аталады.
Нисаб әт-туһр رهطلا باصن – екі қайыз арасында әйел адамның жатырының 
қаннан таза болатын мерзімі. «Туһр» сөзі араб тілінде «тазалық» деген мағына-
да, ал «нисаб» сөзі «мөлшер» деген мағынада. Сонда «нисаб әт-туһр» деген тіркес 
қазақ тілінде «тазалық мөлшері» деген мағына береді. Яғни хайыз қаны келерден 
бұрын кем дегенде он бес күн таза болу керек. Осы мерзімді фақиһтар «нибас әт-
туһр» деп атайды. Истихада қаны болса, ол да нисаб әт-туһрға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет