203
С
Сабиқ және ләхиқ قحلاو قباس – алдағы және арттағы (озушы және ілесуші).
Хадис ілімінде егер бірі ерте қайтыс болған, ал екіншісі кеш қайтыс болған екі рауи
бір ұстаздан хадис риуаят етсе, оларды «сәбиқ» және «ләхиқ» деп атайды. Сәбиқ
– ерте қайтыс болған рауи, ләхиқ – кеш қайтыс болған рауи. Мысалы: Мәликтен әз-
Зуһри (һижраның 124 ж. қайтыс болған) және Ахмад ибн Исмағил (һижраның 259
ж. қайтыс болған) риуаят еткен. Екеуінің қайтыс болған жылдарының арасы 135
жыл. Әз-Зуһриді «сәбиқ», Ахмадты «ләхиқ» деп атайды.
Сабхалә ةلحبس – «Cубханаллаһ» деп айту.
Сабыр ربص – төзімділік, шыдамдылық. Ислам дінінде ең жақсы қасиеттердің
бірі сабырлылық болып табылады.
Сабыр айы ربصلا رهش – ораза айы. Бұл айда ішіп-жеуден, жыныстық қатына-
стан бас
тартып сабыр сақтайтындықтан, «сабыр айы» деп те аталады.
Сағ عاصلا – өлшем бірлік. Ол төрт муддіге немесе 4,212 литрге тең. Сағ орта
ғасырдағы арабтар қолданған су және басқа да сусындар
мен астықтар сақтала-
тын ыдыстың аты. Мұсылмандар зекет, садақа бергенде оның көлемін осы ыдыспен
есептейтін болған.
Сағат ةعاسلا – Қиямет күні атауларының бірі.
Сағи يعسلا – умра мен қажылықтың міндетті
жоралғыларының бірі болып
табылатын Қағбаға жақын орналасқан екі төбенің, Сафа мен Маруаның арасында
жүгіру.
Сағира ةريغصلا – кіші күнәлар.
Садақ قادصلا – қалың мал. Қара: мәһр.
Садақа ةقدصلا – Аллаһ ризалығы үшін кедейлерге, мұқтаждарға ақшалай не
заттай берілетін көмек. «Бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай,
ақиретке азық жи деу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз
оқу, ораза ұстау, қажыға бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл
жағынан лақпайды» (А.Байтұрсынұлы, Шығ.).
Салауат تاولصلا – намаздың соңғы ракағатында «әт-тахият»
дұғасын оқып
болғаннан кейін Пайғамбарға арнап оқылатын дұға.