50
Әзім. Ұлы, үлкен. Араб тіліндегі ميظع «азим» сөзінің фонетикалық өзгеріске
ұшыраған түрі. Себебі араб тіліндегі «айн» әрпі қазақ тілінде жоқ. Ол әріп қазақ
тілінде кейде «ғ», кейде «а» кейде «ә» әріптерімен таңбаланады. «Азим» сөзі араб
тілінде үлкен, зор, ұлы, ұлық деген мағыналарды береді. Қазақ тілінде да осы мағы-
нада қолданылады.
XX ғасырдың басына дейін Қазақстанның оңт. өңірінде «бас қазы» және жер-
гілікті жерлерде оған бағынышты көмекші тергеушілер «әзім молдалар» болған.
Олар шариғат заңдылығының сақталуын, әдет-ғұрыптың дәйекті орындалуын бақы-
лауға, ал қажетті жағдайда тиісті шара қолдануға құқылы болды (http://el.kz/kz).
Әзірейіл. Жан алушы періште.«Әзірейіл» сөзі араб тіліне көне ибрит тілінен
енген. Ол «Құдайдың көмекшісі» деген мағына береді. Құран кәрім кітабында және
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде бұл сөз кездеспейді. Дегенменорта ғасыр-
лардағы діни әдебиеттерде қолданысқа енген. Қазақ тілінде, әсіресе, әдеби шығар-
маларда жиі кездеседі.
Үлкен періштелердің төртіншісі Әзірейілдің қызметі –
тіршілік атаулы-
ның жанын алу. Сондықтан оны «мәләкул-мәут – өлім періштесі» деп атайды
(С.Сейтбеков, Иман негіздері).
«Науқастардың
Әзірейіл жанын алды,
Бір күн өлді екеуі жалғыз қалды.
Жылай, еңірей бейшара жолдастарын,
Жаназа оқып, еңіреп көміп салды» (Қисса-дастандар).
«Ат
тұяғы тимеген
Ақ кірпіш тас суда бар,
Әзірейіл күн
келмеген,
Жан қалар жер қайда бар?» (Бұқар жырау, Шығ.).
«Әзірейіл» сөзі қазақ тілінде «жан алушы періште» деген мағынасымен бірге
«адам шошырлық», «үрей тудырарлық» деген мағынада да қолданылады.
«Әркімнің өз әзірейілі бар» (Мақал-мәтел).
«Дүниенің осыншама ақтығынан шығар, Мамайға әлгі бір қылт-қылт етіп қа-
райған бастар әзірейілдей көрінді» (Ш.Мұртазаев, 41 жыл.).
«Астында әзірейілдей Ақсерек ат
Алғандай алмас қылыш тасқа жанып.
Сақалы ақ күмістей
жалт-жалт етіп,
Желменен желбірейді күнді шалып» (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Әзірет. Қазірет, сыйлы, қадірлі діни лауазы бар адам.
«– Иләһи, әмин! – деді Өстемір әзірет қол көтеріп. Самсаған саусақтың ішін-
де Кәдірбаевтың да қолы бар еді» (Б.Майлин, Азамат.).
«Әзірет» сөзі қазақ тілінде «қазірет» деп те қолданылады. Сонымен қатар
«әзірет» сөзі ауыспалы мағынада қасиетті орындар мен мекендерге де қолданылады.
51
Қарабай
сол көшкеннен әрмен өтті,
Шыршық пенен Бассудан көктей өтті.
Әзіреттің тауынан аса көшіп,
Шолаққорған, Қаракөл жерге жетті» (Қозы Көрпеш.).
Достарыңызбен бөлісу: