Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет37/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   200
Әлсіз қарыз. Әлсіз қарыз فيعضلا نيدلا – зекет төлеушінің мирастан, өсиеттен 
немесе мәһрден (қалыңмал) алуы керек үлесі. Бұл термин зекет тарауында қолда-
нылады. Мұндай жолдармен келген байлық адамның толық иелігіне өткенге дейін 
оның зекетін шығару міндет емес.
Әлмисақ, алмисақ, әлімсақ, әл-мисақ. قاثيملا – адамдардың аталары Адам-
ның (аләйһис-сәләм) белінде болған кезде Аллаһқа берген уәделері. قاثيم «мисақ» 
сөзі араб тілінде «берілген уәде», «келісім», «шарт», «серт» деген мағыналарды бе-
реді. Құран кәрімнің «Ағраф» сүресінің172-аятында Және (есіңе ал, уа, Пайғамбар) 
Раббың Адам ұрпақтарының белдерінен ұрпақтарын алып, өздеріне қарсы: «Мен 
сендердің Раббыларың емеспін бе?» – деп (сұрап) куә қылғанда, олар: «Әлбетте, 
біз куәлік береміз», – деді [әл-Мисақ сертін берді]. Қиямет күні «Шындығында, 
біз бұл туралы ғапыл қалыппыз» деп айтпауларың үшін (сол әл-Мисақ серті алын-
ды). Қазақ халқының дәстүріндегі «Қашаннан бері мұсылмансың?» деген сұраққа 
«Әлімсақтан бері мұсылманмын»деп жауап беру салты осыған негізделген. Қазақ 
тілінде «әлмисақ» сөзі «бұрыннан», «баяғы заманнан», «ескіден» деген мағыналар-
да да қолданылады. 
«Тағдырлары ортақ аз ғана жан әлмисақтан бері жасасып келе жатқандай
әңгіме үпір-шүпір, табиғи қалыпқа көшкен еді» (М.Мағауин, Аласапыран). 
«Кербез тау әлмисақтан сүйікті еді, 
Жан баурар екі көзді үйреткені. 
Қарасай, Ағынтайдың арқасында 
Айыртау бұрынғыдан биіктеді» (К.Салықов, Жезкиік). 
«– Қарағым, сен білесің бе, әуелі Құдай жақын, онан соң жақынымыз осылар. 
– Әлмисақтан бері білемін» (К.Кемеңгеров, Алтын сақина).
Әлхам. Алхам. Он бес томдық сөздікте бұл сөзге «Құранның аятында кезде-
сетін діни сөз және осы сөзден басталатын аттың аты» деп түсіндірме берген. Негізі 
бұл сөз араб тіліндегі دمحلا «әл-хамд» (мақтау, мадақтау) сөзінен шыққан.
«Тар шалбар, қынамалы бешпет киіп
«Алхамды» шала білген молда болды» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Қазақ тілінде бұл сөздің «әлқам» деген нұсқасы да кездеседі. 
«Мал табу үшін көзін сүзіп, ағуыз тартқан болады. Осылардың білген әлқа-
мын біз де білеміз» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Әлхамды. «Мадақ болсын!» деген сөз. Құран кәрім кітабында бірінші кел-
ген «Фатиха» сүресі осы сөзбен басталғандықтан, кейді ол сүрені «Әлхамды» деп 
те айтады. «Фатиха» сүресін бұлай атау қазақ әдебиетінде кездесіп жатады. 
«Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын, 


53
Аятылкүрсі, әлхамды жете оқимын» (С.Торайғыров, Мағынасыз). 
Әлхамду лилләһ لله دمحلا – «Аллаһқа мадақ болсын!» деген сөз. «Әлхамду лил-
ләһ» – көбінесе Аллаһқа шүкіршілік қылғанда, бір нәрсеге қол жеткізгенде айты-
латын зікір сөзі. Бұл тіркес қазақ тілінде бірнеше нұсқада жазылып жүр. Мысалы, 
әлхамдилла, әлхамдулла, әлхамдулилләһи. 
«Әлхамдилла» салауат 
– Мұсылман пенде аузынан 
Дұрыс емес тастауы. 
Ала таңмен аралас 
Зікір етіп зарлаған 
Бір Құдайдың достары» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Көшіп тұр ақ сүйектен түрлі заман, 
Әлхамдулла тәуір екен сенің шамаң, 
Былтырдан хат тие алмай сағынған соң
Көңілден хабар беріп жаздым саған. 
Ақылға ишарат сөз деген-дейін, 
Сәлемін ықыласыңа болсын тәмам» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Араб тілінен енген мұндай сөздер мен сөз тіркестерінің бірнеше жазылу не 
айтылу нұсқасының пайда болуы төте жазудан кирилл графикасына көшкенде орын 
алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет